ШЫМКЕНТТЕ КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ МЕН КУБОГЫ ӨТТІ
ШЫМКЕНТТЕ КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ МЕН КУБОГЫ ӨТТІ
13.10.2022 23:36
35
0

Шымкент қаласында көркем гимнастикадан ҚР чемпионаты мен кубогі өтті, деп жазады dabylinfo.kz.

Көркем гимнастикадан Қазақстан Республикасының Чемпионаты мен Кубогына 400-ге жуық спортшы 2 - жас ерекшелік бойынша жекелей түрден көпсайыс түрінен қатысты.
​Көпсайыстан Қазақстан Республикасының Кубогында спорт шеберлігіне кандидаттар арасында Астаналық гимнастшылар Ерекешова Ақмарал 1-ші орынды және Кушербаева Дария 2-ші иеленсе, Шымкенттік гимнастшы Бақытжанқызы Зере 3-ші орынды иеленді. Ал, спорт шеберлері арасында Астаналық гимнастшылар Бакатова Сабина 1-ші орынды және Байленова Дильназ 3-ші орынды иеленсе, Шымкенттік гимнастшы Парфилова Милана 2-ші орынға табан тіреді.
Жекелей көпсайыстан Қазақстан Республикасының чемпионатында спорт шеберлігіне кандидаттар арасында:
Құрсау: Ерекешова Ақмарал (Астана) - бірінші орын, Ренскова Камилла (Алматы) - екінші орын, Кушербаева Дария (Астана) үшінші орын.
Доп: Ерекешова Ақмарал (Астана) - бірінші орын, Бақытжанқызы Зере (Шымкент) - екінші орын, Кушербаева Дария (Астана) - үшінші орын.
Булава: Ерекешова Ақмарал (Астана) - бірінші орын, Ренскова Камилла (Алматы) - екінші орын, Бақытжанқызы Зере - үшінші орын.
Лента: Куряченко София (Астана) - бірінші орын, Бақытжанқызы Зере (Шымкент) - екінші орын, Васильева Валерия (Астана) - үшінші орынды иеленді.
Жарысқа Шымкент қаласы әкімінің орынбасары – Исахов Мақсұт Пернебайұлы; Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы – Тұманбаев Бауыржан Қалмұхамедұлы; ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері – Майра Мұхамедқызы; Қазақстандық гимнастика федерациясының Президенті - Юсупова Алия Мақсұтқызы қатысты.
Жарысқа Халықаралық дәрежедегі төреші – Фотина Елена Вадимовна төрешілік жасады.

0 пікір