Шымкентте коронавируспен ауырған балалар саны артты
Шымкентте коронавируспен ауырған балалар саны артты
17.01.2022 16:32
95
0

2021 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 5,5 есеге жоғарылағандығы байқалады. Шымкент қаласында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай қолайсыз.

Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, Шымкент қаласы 11қаңтардан бастап «қызыл» аймаққа енді.

Шымкент қаласы бойынша коронавирусты инфекциядан эпидемиологиялық ахуал асқынып отыр, 2022 жылдың 1 қаңтар мен 16 қаңтар аралығында 2781 жағдай тіркелген. Оның ішінде 18 жасқа дейінгі балалар арасында 495 жағдай, аурушаңдық 2021 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 5,5 есеге жоғарылағандығы байқалады. Ауырғандардың 80,0 пайызға жуығында клиникалық белгілері бар.

Бүгінгі күнге ауруды жоюдың жалғыз жолы халықты коронавирусты инфекцияға қарсы вакцинациялап, ұжымдық иммунитетті қалыптастыру.

Қала бойынша коронавирусты инфекцияға қарсы вакцинациялауға жоспарланған тұрғындардың 99,6%-ы 1 – компонентпен, 97,1%-ы 2 – компонентпен егілді. Уақыт өте иммунитеттің әлсірейтінін ескере келе, 6 айдан кейін ревакцинациялау жүргізіледі. 2022 жылдың 16 қаңтарына қала бойынша 50021 адам қайта егуін алды.

2021 жылдың 16 қарашасынан 12 - 17 жас аралығындағы жасөспірімдерге, жүктіліктің 16-37 апта аралығындағы жүкті әйелдерге және лактация кезеңіндегі әйелдерге – босанғаннан кейінгі кезең аяқталғаннан кейін (42 күннен кейін) «Комирнати» (Phizer, АҚШ) вакцинасымен егу жүргізілуде.

2022 жылдың 16 қаңтарына «Комирнати» (Phizer, АҚШ) вакцинасының бірінші компонентімен 22229, екінші компонентімен 10181 адам егілді.


0 пікір