ШЫМКЕНТТЕ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ
ШЫМКЕНТТЕ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ
04.07.2024 00:36
53
0

 Еліміздегі ауылшаруашылық өн­дірісінің маңызды саласы мал шаруашылығы ежелден қазақтың дәстүрлі кәсібі ретінде дамып келе жатыр. Әдетте мал шаруашылығын өркендетуде шешімін табатын шаруа көп қырлы болып келеді. Соның ішінде мал азығын қамдау ең маңызды мәселе. Өйткені, жеткілікті мал азығы қоры жасалмай мал шаруашылығы ешуақытта серпінді дами алмайды.

Шымкентте қала әкімдігінің қаулысына сәйкес, апта сайын қаланың 8 жерінде азық-түлік жәрмеңкелері ұйымдастырылып, күнделікті тұтынатын тауарлар нарықтан 10-15% төмен бағада сатылуда. Жәрмеңкеге жауапты мемлекеттік мекемелер бекітілген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы және ветеринария саласында жарты жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы» тақырыбында баспасөз конференциясында Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мекамбаев Талғат Тойлибайұлы баяндады.

Спикер айтқандай, Шымкент қаласы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы (Жол қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етіп, кезекшілік жұмыстарын ұйымдастыру), Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті (Санитарлық талаптардың сақталуын қамтамасыз етіп, кезекшілік жұмыстарын ұйымдастыру), Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы, Шымкент қаласының Абай, Қаратау, Тұран ауданы әкімі аппараттары (Жәрмеңкені электр қуатымен, қоқыс контейнерлерімен жабдықтап, тазалық жұмыстарын ұйымдастыру). Жәрмеңкеге 250-ге жуық тауар өндірушілер, шаруа қожалықтар және көтерме сауда қызметімен айналысатын дистрибьюторлар қатысып, аптасына жалпы 170 – 180 тоннаға жуық әлеуметтік маңызы бар және күнделікті тұтынатын азық-түлік тауарлары нарықтан 10-15 пайызға төмен бағада сатылуда. Сонымен қатар, Талғат Тойлыбайұлы қаладағы ауылшаруашылығы саласының да жағдайымен таныстырып өтті. Бүгінгі таңда Шымкент қаласында жалпы егіс көлемінің 26,5 мың гектарына дақылдар егіліп, 86,0 мың тонна өнім жиналады. Атап айтқанда: дәнді дақылдар – 10,9 мың га, малазықтық дақылдар – 9,0 мың га, көкөніс пен бақша – 3,1 мың га, майлы дақылдар – 3,0 мың га, картоп – 0,5 мың га) егілді. Сонымен қатар, 2024 жылы өнімділікті арттыру мақсатында егін шауашылығы саласын мемлекеттік қолдауға жергілікті бюджеттен 143,2 млн теңге қаржы қаралған. Көктемгі егіс жұмыстарына 35,9 тонна жанар-жағармай бөлініп толығымен үйлестірілген. Сондай-ақ, Шымкентте 2023 жылға қарағанда мал шаруашылығы бойынша өсім байқалады. Атап айтсақ, ІҚМ 88,3 мың басқа, қой ешкі 102,4 мың басқа, жылқы 17 мың басқа, құс 1 189,2 мың басқа жетіп, нәтижесінде ет 4,5 мың тоннаға жетіп, сүт 30,4 мың тоннаға, 86,3 млн данаға жұмыртқаға жетті. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2024 жылға бекітілген 12 индикатор толығымен орындалып келеді. Ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тарту бойынша биыл 14 жоба жүзеге асырылып, 104 жаңа жұмыс орны ашылады. Атап айтқанда: 3 көкөніс сақтау қоймасы, 3 тауарлы сүт фермасы, 2 сүтті қайта өңдеу кәсіпоры, 2 құс шаруашылығы, 1 жылыжай кешені, 1 мал бордақылау, 1 көкөніс өңдеу, 1 құрама жем зауыты.

0 пікір