Шымкентте отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтардың алдын алу күшейтілді
Шымкентте отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтардың алдын алу күшейтілді
12.05.2026 18:32
16
0

Шымкент қаласы аумағындағы қылмыстық ахуалды тұрақтандыру, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ отбасындағы зорлық-зомбылықты болдырмау мақсатында Департамент бастығының нұсқауына сәйкес, ағымдағы жылдың 11–16 мамыр аралығында Шымкент қаласы аумағында «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.

Іс-шара барысында профилактикалық есепте тұрған тұлғалар тексеріліп, олармен түсіндіру және алдын алу жұмыстары жүргізіледі.

Егер сіз отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы қандай да бір қылмыстық немесе құқық бұзушылық әрекеттердің куәсі болсаңыз, дереу «102» арнасына хабарлауыңызды сұраймыз.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – баршамызға ортақ міндет.
#заңментәртіп #зорлықзомбылыққажолжоқ

0 пікір