Шымкентте өткен тәулікте 310 адамнан коронавирус анықталды
Шымкентте өткен тәулікте 310 адамнан коронавирус анықталды
18.01.2022 11:08
87
0

Шымкент қаласында 17 қаңтар күнге коронавирустың 310 жағдайы тіркелді.

Инфекция анықталған 30 адам инфекциялық стационарға жатқызылса, 280 адам үй бақылауына алынды.

Мамандандырылған инфекциялық стационарлардағы төсек орын толымдығы 40 пайызды құрайды, 504 төсек орын бос.

Бүгінде инфекциялық стационарда 279 науқас, жансақтау бөлімінде 6 науқас ем қабылдауда.

Бір тәулік ішінде қалада 1 067 адам вакцина алды (I компонент- 104, II компонент- 963). Егу науқаны басталғалы барлығы 593 657 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 580 241 адам вакцинаның екі компонентін алды. Ал, pfizer вакцинасының I компонентін 24 171 адам,II компонентін 10 956 адам қабылдады. Сондай-ақ, 50 943 адам ревакцинацияланды.



0 пікір