ШЫМКЕНТТЕ ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ-да ЖАҢА СТУДЕНТТЕР ҮЙІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
ШЫМКЕНТТЕ ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ-да ЖАҢА СТУДЕНТТЕР ҮЙІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
06.05.2024 13:16
17
0

      Студенттер үйі – жастарды тәртіп пен реттілікке тәрбиелейтін өмір мектебі, достықтың алтын ұясы. Яғни, мұнда жан-жақтан арман қуып келген жастар бір-бірімен тіл табысып, сын сағаттарда өзара қолдау көрсетіп, сан қыры ашылады. Әртүрлі сынақтар мен емтихандарға бірге дайындалып, тұрмыстық мәселелерді ортақ шешуде де бұл шаңырақтың маңызы зор. Сондай-ақ, Студенттер үйі – жастарды тәртіп пен реттілікке тәрбиелейтін өмір мектебі, достықтың алтын ұясы. Яғни, мұнда жан-жақтан арман қуып келген жастар бір-бірімен тіл табысып, сын сағаттарда өзара қолдау көрсетіп, сан қыры ашылады "Әділетті Мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты  мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауында жатахана мәселесін атап өткен болтын.

    Келесі маңызды мәселе – студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету. Бұл түйткілді шешу үшін жоғары оқу орындарымен және құрылыс компанияларымен мемлекеттік-жекеменшік серіктестік орнату тәсілін барынша енгізу керек. Сондай-ақ, барлық мәселенің шешімін табуды мемлекеттің мойнына ілу дұрыс емес деп санаймын. Сол себепті, мемлекеттен қаражат алу үшін жекеменшік жоғары оқу орындарының жатақханасы болуы шарт. Әрине, мұны оқу орындарынан біртіндеп талап еткен жөн – деді Мемлекет басшысы.

    Шымкентте Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да жаңа студенттер үйі пайдалануға берілді. Жекеменшік әріптестік негізінде салынған жаңа жатақхана 180 тұрғынға есептелген. Жалпы ауданы – 1000 шаршы метрді құрайтын студенттер үйі 5 қабаттан тұрады. Ғимарат барлық заманауи талаптарға сай.

    Жекеленген әр бөлмеде 2 және 4 адамнан тұрады, әр бөлмеде жеке санитарлық бұрышы мен душ бөлмесі бар. Жатын бөлмелермен қатар, жатақхана заманауи ас үйлермен, кір жуатын бөлмемен және басқа да тұрмыстық, қосалқы жайлармен жабдықталған. Оқу жылы бойында жатақханада университеттің филология, өнер және білім факультетінің білім алушылары орналасады.

    Айта кетелік, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ бұған дейін де жастарға 4 бірдей студенттер үйін пайдалануға беріп, елімізде жатақханамен қамту мәселесі толығымен шешілген университеттердің бірі болатын. Ал, үшжақты келісім негізінде салынған жаңа жатақхана кәсіпкер Анарбекова Әсия арқылы жүзеге асып отыр.

0 пікір