ШЫМКЕНТТЕ ПАРАЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА АРНАЛҒАН СПОРТТЫҚ КЕШЕН АШЫЛМАҚ
ШЫМКЕНТТЕ ПАРАЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА АРНАЛҒАН СПОРТТЫҚ КЕШЕН АШЫЛМАҚ
04.05.2024 12:33
15
0

       Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында: «Халықтың денсаулығын жақсарту мәселесі айрықша назар аударуды талап етеді. Барлық жастағы ел азаматтары арасында бұқаралық спортты дамыту маңызды. Спорт инфрақұрылымдарының балалар үшін барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек. Бұқаралық дене шынықтыруды өркендету ісі жаңа чемпиондар шыңына шығатын пирамидаға айналуы тиіс. Бұл салауатты әрі белсенді жастардың, түптеп келгенде, қуатты ұлттың негізін қалыптастырады» – деп атап өткен еді. Президенттің бұл тапсырмасы Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының негіз қалаушы факторына айналды. Алға қойған басым міндеттерді жүзеге асыру үшін ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр.

     Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маратбек Мықтыбеков өңірлік коммуникациялар қызметінде 2024 жылдың 4 айында атқарған жұмыстары туралы брифинг өткізді.

    Жыл басынан бері жасаған жұмыстары және жоспарымен бөліскен басқарма басшысы алдағы уақытта бірнеше спорттық нысанды мамыр айында пайдалануға берілетіндігін айтты.

– Қаламызда №12 спорт мектептің спорт нысанының құрылысы жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың мамыр айында пайдалануға беру жоспарлануда. Оған қоса №15 спорт мекептің спорт нысанының құрылысы ағымдағы жылдың сәуір айында басталды. Құрылысына бюджеттен 1,8 млрд теңге қаралған. Сонымен қатар, жеке кәсіпкер тарапынан Еңбекші ауданы Еламан тұрғын алабында «ЕЛАМАН» спорт кешенінің (спорттың ойын, жекпе-жек түрлеріне арналған 3 спорт зал және 1 бассейні бар) пайдалануға берілмек. Оған қосымша «SPORT LIFE» кіші футбол орталығының құрылысы жыл соңына дейін пайдалануға беріледі, -деді басқарма басшысы.

Сондай ақ, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт кешенін салу жоспарлануда екен. Алдағы уақытта паралимпиадалары Шымкентте өтетін болады.

          Айта кетейік, Паралимпиада спортына мүмкіндігі шектеулі адамдардың қатысуына арналған көптеген дәстүрлі пәндер кіреді. Бұл ойындар барлық спортшылар мен қозғалыстағы басқалар үшін төрт жылдық спорт циклінің шарықтау шегін білдіреді. Паралимпиада спорты мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін ең беделді іс-шараларды қамтиды және әртүрлі аймақтық, республикалық және халықаралық жарыстар арқылы іріктеледі. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандар спортының жүз жылдан астам тарихы бар. XVIII және XIX ғасырларда мүгедектерді оңалтудың негізгі факторы – қозғалыс белсенділігі екені белгіленіп қойған болатын. Әлем бойынша мүгедектерді спортқа тартудың алғашқы қадамы 1888 жылы бастаған. 

0 пікір