Шымкентте пәтерден үш адамның мәйіті табылды
Шымкентте пәтерден үш адамның мәйіті табылды
31.01.2022 13:13
92
0

Сот медициналық сараптама тағайындалды.

Шымкент қаласындағы пәтерлердің бірінен үш адамның денесі табылды.

Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар Департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

30 қаңтар күні “103" қызметінен Әл-Фараби ауданы, Ерманов көшесі бойындағы көппәтерлі үйге шақырту бойынша келгені және есікті ашу керектігі туралы хабарлама келіп түскен.Оқиға орнына ЖҚЖ қызметкерлері барып арнайы құралдардың көмегімен кіре беріс есіктерді ашты.

Пәтердің ішінде 1978 ж. т., 1957 ж.т. және 1979 ж. т. үш адамның денесі табылды. Қазіргі таңда қайтыс болу себептері анықталуда.

Сот медициналық сараптама тағайындалды.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар Департаментінің 8 қызметкері мен 2 дана техника жұмылдырылды.


0 пікір