ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ГҮЛЗАР АШЫЛДЫ
ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ГҮЛЗАР АШЫЛДЫ
25.10.2022 20:53
45
0
Бүгін 25 қазан — Республика күні мерекесіне орай Шымкент каласындағы Қазыбек би мен І.Есенберлин көшелерінің қиылысында гүлзардың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Оған Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қатысты.
Тұрғындарға мерелік тарту ретінде ашылған гүлзар демеушілердің қаражаты есебінен салынған. ARG компаниясы А.С.Пушкин атындағы кітапхананың ескі ғимаратының орнын абаттандырып, тұрғындарға демалыс орнын салып берді.
—Азаматтық, жомарттық танытып, мереке халыққа осындай үлкен гүлзар ашып беріп жатқан ARG компаниясының басшылығына алғыс айтамын. Қаламыздағы өзге де ірі мердігер компаниялар осындай қолдау көрсетіп жатса, бұл қаланың дамуына зор қолдау болмақ, — деді М.Әйтенов.
Ашылу салтанатына жиналған тұрғындар ризашылығын білдіріп, мерекелік лебіздерін жеткізді.
Еске сала кетейік, жаңа гүлзар орнында бұрын “адвокаттар алқасының” ғимараты бар еді. Өртеніп кеткен соң барлығы сүрілген. Енді бұл жер тұрғындар тынығатын аймаққа айналды. Бұдан соң қала әкімі жаңадан ашылған А.Пушкин кітапханасына барып, ішін аралап көрді. Қызметкерлерді Ұлттық мейраммен қатар келген кәсіби мереке - кітапханашылар күнімен құттықтап, жұмыстарына жеміс тіледі. Айта кетейік, Шымкент қаласының Достық үйі базасында қазақ тілін үйрететін «Бірлік алаңы» коворкинг орталығы жұмысын бастады. Кеңсе негізгі 4 бағытта қызмет көрсететін болады, соның бірі – этнос өкілдерін қазақ тіліне оқытуға, қазақтың ұлттық тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне баулуға бағытталып отыр. Қазақ тілін, ұлттық құндылықтарын, дәстүрін насихаттау, қазақтың киелі жерлерін таныту арқылы қазақты тануға қызығушылық тудыру – орталық атқаратын негізгі жұмыс болмақ. Орталық мемлекеттік тілдің базалық негіздерін үйрететін болады. Ниет білдірушілердің барлығына қазақ тілін оқып-үйрену қолжетімді болады.


0 пікір