ШЫМКЕНТТЕ «SUPER BOL» ЖОБАСЫНЫҢ СУПЕР ФИНАЛЫ ӨТТІ
ШЫМКЕНТТЕ «SUPER BOL» ЖОБАСЫНЫҢ СУПЕР ФИНАЛЫ ӨТТІ
16.06.2024 12:27
144
0

 Қажымұқан атындағы орталық стадионда "Super bol" қазақстандық футбол-əлеуметтік жобасының үлкен финалы өтті. Бұл - бірегей және ауқымды спорттық жоба. Жастарды спортқа, бәсекелестікке қызығушылығын арттыру, жан-жақты әрі талантты жас футболшылар үшін бастапқы алаң ұсынуды мақсат еткен. Жоба өзінің ауқымдылығы мен бірегейлігіне байланысты отандық және шетелдік аудиторияның қызығушылығын тудырды.  “Super bol” қазақстандық əлеуметтік жобасының финалдық матчы қаламыздағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда өтті. Биыл жоба ауқымдылығына байланысты шетелдік аудиторияның елімізге деген қызығушылығы артты. Бұл матчқа еуропалық, азиялық жəне қазақстандық клубтардың скауттары, сондай-ақ Челси мен Франция құрамасында ойнаған əлемдік футболдың супер жұлдызы Флоран Малуда, сондай-ақ ПСЖ мен Сенегал құрамасының бұрынғы ойыншысы Халилу Фадига арнайы келді. Жалпы бірегей жəне ауқымды жобаның ең басты мақсаты жастардың спорт пен бəсекелестікке деген қызығушылығын арттыру. Жоба өзінің ауқымдылығы мен бірегейлігінің арқасында отандық жəне шетелдік аудиторияның елімізге əрі футболға деген қызығушылығын жоғарылатты. Қазақстандық футболды сапалы жаңа деңгейге шығару процесін бастауға көмектесетін дəл импульске айналып жатыр. Шараға қала әкімі Ғ.Сыздықбеков қатысып, матчқа арнайы келген әлем футболының жұлдыздары Флоран Малуда мен Халилу Фадигаға арнайы сыйлықтар табыстады. Сонымен қатар қала басшысы мегаполисіміздің дамуы мен гүлденуіне елеулі үлес қосқан азаматтарға «Шымкент қаласының құрметті азаматы» атағын табыс етті. Олардың қатарында белгілі режиссер, «Ника» сыйлығының және Канн кинофестивалінің лауреаты Сергей Владимирович Дворцевой және КСРО спорт шебері, қазақ футболының аңызы Евстафий Алкивиадович Пехлеваниди бар. Танымал екі тұлға да Шымкент қаласында дүниеге келген. Айта кетейік, бүгінгі матч қорытындысы бойынша 3:1 есебімен Масудов командасы жеңіске жетті.

Айта кетейік, әрбір адам спортпен айналысу керек. Өйткені спортпен үнемі айналысқан адамның дені сау, көңіл — күйі көтеріңкі болады және денсаулығы жақсарады. Спорттық ойындардың түрлері өте көп: футбол, баскетбол, волейбол, теннис, хоккей, шаңғы тебу, суда жүзу, т. б. Спорттың адам денсаулығына қаншалықты пайдалы екенін, оның адам өмірін ұзартатынын білеміз.Елімізде осы жобаның арқасында балалар мен жасөспірімдер футболының дамуына ерекше жағдай жасалып отыр. «Super Bol»-ға бизнестің әлеуметтік жауапкершілік аясында қаржылай қолдау көрсетеліп келеді.

0 пікір