ШЫМКЕНТТЕ ТАМЫЗДА ПИЛОТТЫҚ РЕЖИМДЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САНАҒЫ ӨТЕДІ
ШЫМКЕНТТЕ ТАМЫЗДА ПИЛОТТЫҚ РЕЖИМДЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САНАҒЫ ӨТЕДІ
09.08.2024 15:17
6
0

 

 

            Пилоттық санақ үш кезеңмен өткізіледі: дайындық, негізгі және қорытынды. Дайындық кезеңінде қолда бар деректерді нақтылау үшін қызметкерлер қалалық жердің әрбір елді мекенінің аумағын тіркеу учаскелеріне бөледі. Пилоттық санақтың негізгі кезеңі «sanaq. gov.kz» мамандандырылған сайтында онлайн режимде интернет желісі арқылы және қызметкерлердің респондеттерден сұрау салуы арқылы планшеттерді немесе қағаз жеткізгішті пайдаланумен жүргізіледі. Соңғы кезеңде пилоттық санақтың алдын ала және негізгі кезеңдерінің қорытындылары бойынша талдау жүргізіледі. «2025 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы №1248 қаулысына сәйкес, 2025 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық ауыл шаруашылығы санағын өткізу туралы шешім қабылданды.

 

Біріккен Ұлттар Ұйымының ұсынымдарына сәйкес аграрлық сектордың жай-күйі туралы статистикалық ақпараттың сапалы және объективті болуы үшін елдерде әр 5-10 жыл сайын ауыл шаруашылығы санақтарын өткізіп отырады. Қазақстанда 2006-2007 жылдары алғашқы ұлттық ауыл шаруашылығы санағы өтті. Мұнда, ауыл шаруашылығы құрылымдарынан сұхбатшылар арқылы қағаз жүзінде сауалнамалар толтырып жүргізілген болатын.
Санақ жүргізу кезінде «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» ақпараттық жүйесіндегі (АЖ), жер бойынша Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүліктің кадастрындағы (ЖМБМК), ауыл шаруашылығы техникасы бойынша «Ауыл шаруашылығы техникасының мемлекеттік тізілімі» АЖ (АТМТ), субсидиялау бойынша «Субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесіндегі» (СБМАЖ) әкімшілік деректерді пайдалану көзделген.
Осы санақтың нәтижесінде ауыл шаруашылығы саласының жай-күйінің егжей-тегжейлі және обьективті бейнесі алынады, елдің азық-түлік ресурстарын қалыптастырудағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, әрбір санатының рөлі туралы толық деректер алынады. Санақта жер және егіс алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстардың саны, ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары, мал шаруашылығы кешендері мен құс фабрикалары, ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарын ұстауға арналған өндірістік ғимараттар мен үй-жайлар, ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтауға арналған құрылыстар мен құрылыс жайлар туралы ақпараттарды нақтылау көзделген.
Осы санақтың дайындық жұмыстарының бірі болып 2024 жылдың 20 тамызынан бастап 30 қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасында пилоттық ауыл шаруашылығы санағын өткізу жоспарлануда. Мақсаты әдіснаманың санақ парақтарындағы сауалнамаларының сапасын, далалық жұмыстардың ұйымдастырылуын, бағдарламалық қамтамасыз етуді, интернетті қамтудың сапасын, интернет болмаған жағдайда планшеттегі ақпараттық жүйелердің жұмысын сынақтан өткізу болып келеді.
Шымкент қаласы бойынша пилоттық ауыл шаруашылығы санағын өткізу үшін Тұран ауданында орналасқан Ақжар тұрғын алабы таңдалды.
Пилоттық санақ мемлекеттік қызметкерлермен еңбек шарты бойынша ұлттық санақтарға дайындалу мен оны жүргізу жөніндегі нұсқаушы күшімен жүргізіледі.
Пилоттық ауыл шаруашылығы санағы екі әдіспен жүргізу арқылы, яғни WEB портал (sanaq.gov.kz) онлайн режимде сауалнаманы ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер өздері толтыру арқылы және де сұхбатшылардың планшетті пайдаланып сауалнама жүргізу арқылы өтеді.
Пилоттық санақтың дәстүрлі әдісі бойынша мемлекеттік қызметкерлер (интервьюерлер) әр үйге жеке-жеке барып сұхбат алатын болады. Оларда мемлекеттік қызметшінің аты-жөні, фотосуреті, мемлекеттік мөрі, нөмірі көрсетілген куәлігі, және қолында планшеті болуы керек.
Қазіргі уақытта, Ақжар тұрғын алабында орналасқан ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының, шаруа немесе фермер қожалықтарының және жеке қосалқы шаруашылықтарының тізімдерін және көшелердің атауларын, үйлердің нөмірленуін өзектілендіру және нақтылау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ, статистика департаментінің «бір терезе» қызметінде ауылшаруашылық кәсіпорындары және шаруа немесе фермер қожалықтары үшін «онлайн» түрде пилоттық санақтан өту бұрышы ұйымдастырылды. Сонымен қатар, санақ жүргізетін сұхбатшылар үшін арнайы планшеттер дайындалуда.

0 пікір