ШЫМКЕНТТЕ «ТАРИХИ КҮНДЕР ТІЗБЕГІМЕН» ҚЫЗДАР ШЫҚТЫ САЙЫСҚА
ШЫМКЕНТТЕ «ТАРИХИ КҮНДЕР ТІЗБЕГІМЕН» ҚЫЗДАР ШЫҚТЫ САЙЫСҚА
20.10.2022 19:02
35
0
Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастырумен « Тарихи күндер тізбегімен» атты тағылымдық іс-шара жалғасуда.
25 – қазан Республика күніне орай қаламыздың жоғары оқу орындары жастары арасында ұйымдастырылған сайыстың бүгін екінші өтті.
Бүгін қыздар арасында ұлттық тағамдардың түрі бойынша жарысқа түсті. Атап айтқанда бауырсақ пісіру, қамыр жаю, кеспе турау, майсөк әзірледі. Қыздар ұлттық тағамдарды дәмді қылып дайындауда бар өнерлерін салды.
Сайысқа қатысқан қыздар « Қазақтың ұлттық тағамдары адамға өте пайдалы болып келеді. Ұлтымыздың қай тамағын алмаңыз өте нәрлі, дәмді, адам ағзасына пайдалы дәрумендер мен минералдарға, микроэлементтерге бай, ауруға шипа берер тағамдардан тұрады»- десті.
Айта кету керек, тағылымы мол іс-шараның жастар арасында салт-дәстүрді дәріптеу, ұлттық құндылықтарды насихаттау, ұлттық және патриоттық сананы қалыптастыруда маңызы зор.
Ал бүгінгі іс-шараның қортынды нәтижесінде жеңімпаз болып танылған жастарға Шымкент қаласы әкімдігі атынан арнайы диплом және әрбір сайыс бойынша бағалы сыйлықтар табысталады.
Ал, бүгінгі іс-шараның қорытынды нәтижесінде жеңімпаз болған жастарға Шымкент қаласы әкімдігі атынан арнайы диплом және әрбір сайыс бойынша бағалы сыйлықтар табысталды. Айта кетейік, ұйымдастырылу тәртібі бойынша сайыстың алғашқы күнінде ер жігіттер арасында ұлттық ойыннан 8 жоғары оқу орны сынға түсті. Атап айтқанда қол күрес, асық ату, ләңгі тебуден Қазақстан халықтар достығы университеті, «Мирас» университетi, М.О. Әуезов атындағы Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетi, "Шымкент" университеті, Ж. Ташенов атындағы университет, Орталық Азия Инновациялық университеті өзара тартысты сайыс өтті.

0 пікір