ШЫМКЕНТТЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА АССАМБЛЕЯ ӨКІЛДЕРІ ДЕ ҚАТЫСТЫ
ШЫМКЕНТТЕ  «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА АССАМБЛЕЯ ӨКІЛДЕРІ ДЕ ҚАТЫСТЫ
16.04.2024 13:59
25
0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен басталған «Таза Қазақстан» Республикалық акцияға қала аумағын абаттандыруды белсенді бастаған Шымкент тұрғындарымен бірге ассамблея мүшелері де ерекше қолдау көрсетті.

Қоршаған ортаның тазалығына бірауыздан атсалысуға бағытталған #TazaShym экологиялық акциясының аясында "Қазақстан - Түркия достығы" саябағында өткен іс-шараға қала тұрғындары, қоғам белсенділері, ассамблея мүшелері, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері іргелес аумақтар мен аулаларды жинау, көгалдандыру, ағаштарды күту бойынша жұмыстарын жүргізді.

Аталмыш шараға қатысушылар саябақтағы қоқыстарды тазалап, шөп ору, ағаштарды әктеу, кесу жұмыстарын жүргізді. Бұдан басқа, шағын аудандардың аулаларын, қоқыс жәшіктерін тазалау, орындықтарды, балалар алаңдары мен спорт алаңшаларын ретке келтіру жұмыстары жүргізілді.

Тазалық жұмыстарына 1200-дан астам адам қатысып, 17 арнайы техника жұмылдырылды, барлық аяқ жолдар тазаланып, 56 м3  қоқыс шығарылды,                14 шақырым ирригациялық жүйелер тазаланды.

Акцияға армян этно-бірлестігінің өкілі Н. Мавсосиян, белсенді жас А. Сұлтан және Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Д.Қожамжарова және басқа да қала тұрғындары қатысты.

 

0 пікір