Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған "Таза Қазақстан" акциясы аясында тарих және мәдениет ескерткіштерінің, табиғи көрікті жерлердің аумақтарын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Шымкент қалалық әзіл- сықақ және сатира театрының әртістері де келіп, қолдарына күрек алып республикалық экоакция аясындағы «Жасыл аймақ» апталығына өз үлестерін қосты.
Аталмыш "Таза Қазақстан" республикалық акциясының "Жасыл аймақ" апталығының бір күні Металлургтар саябағында тал егу шарасымен жалғасты. Оңтүстікке көктем ерте келіп, тал егу ерте басталғанымен, "ештен, кеш жақсы" деген Тұрандықтар саябаққа 100-ден аса қаратал екті. Тал егуге Тұран коммуналдық мекемесімен қатар, Тұран ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері, өнер адамдары және еріктілер атсалысты.
-"Таза Қазақстан" науқан болып қалмайды. Ауданымыздың тазалығы мен көркіне бәріміз жауаптымыз. Осы уақытқа дейін аудан көлемінде 1000 тал ектік. Осы саябаққа ашық жерлеріне100-дей ағаш отырғыздық,- дейді Тұран ауданы әкімі Берік Әшірбеков.
Саябаққа сондай-ақ, -"Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын", деген қазақпыз. Жұтатын ауамыздың тазалығы маңызды. Осы саябақтардағы талдарды да біздің әкелеріміз бен ағаларымыз еккен ғой, сол сияқты біз де парызымыз деп санап, осы науқанға атсалысуға келдік. Елімізді, қаламызды таза ұстау міндетіміз, - дейді сатира саңлақтары.
Айта кетсек, «Жасыл аймақ» апталығы 22-27 сәуір аралығында жүргізіледі. Сонымен қатар, алдағы апталарда 27 сәуірден 4 мамырға дейін — «Өнегелі ұрпақ», ал 4-11 мамыр аралығы – «Мөлдір бұлақ» апталығы өтеді. Әрбір елді мекеннің тазалығы тұрғындарға тікелей байланысты. Игі бастама аясында келісім, ізгілік, ынтымақтастық пен өзара көмекті насихаттайтын қайырымдылық және мәдени іс-шаралар жасалынуда. Болашақта тәртіп пен тазалықты сақтау әрбір қазақстандықтың басым дағдысына айналады деп сенеміз. Табиғаттың ластануы адам денсаулығына, өсімдіктердің өсуіне, жануарлардың тіршілік етуіне зиянын тигізеді.
Бір жағынан табиғаттың тазалығына ат салыссақ, енді бір жағынан балаларды еңбекке баулу болды. Өзімізде аз болсада ауылға тигізген пайдамыз үшін қуанып қалдық.
Бұл осын он күн ішінде жасаған жұмыстарымыздың бір бөлігі ғана. Біздің негізгі мақсатымыз осы жасаған іс-әрекеттерімізденбізден кейінгі бүлдіршін балалар үлгі алып, өзінің тұрып жатқан ауылының тазалығын сақтап, құрметпен қарайтын азаматтар мен азаматшалар шығатынына сеніміміз мол!!!