ШЫМКЕНТТЕ ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫНЫҢ ҒИМАРАТЫ ПАЙДАЛАНУҒА ТАПСЫРЫЛДЫ
ШЫМКЕНТТЕ ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫНЫҢ ҒИМАРАТЫ ПАЙДАЛАНУҒА ТАПСЫРЫЛДЫ
12.06.2024 15:43
31
0

Теміржол вокзалы жол желісінің негізгі өндірістік-шаруашылық бірлігі болып табылады. Бұл объектілерде тасымалдау процесін құрайтын соңғы және бастапқы операциялар, сонымен қатар пойыздар қозғалысын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жүргізіледі. Вагон айналымы уақытының шамамен 75%-ы станцияда өтеді. Қала көркін арттырып, тұрғындар мен қонақтарға заманауи талапқа сай жайлы жағдай жасау мақсатында теміржол вокзалының ғимараты қайта жаңартылды. Кез-келген ірілі-ұсақты елді мекеннің басты қақпаларының бірі -  теміржол вокзалдары.  Оның заманауи тұрғыда әрленіп, көз тартымды халде болуы қазіргі уақыт талабы.  10 жылға жоспарланған инвестиция қаражаты 1 жыл ішінде қарастырылып, былтыр 10 маусымда басталған жұмыстар 2024 жылдың 10 мамырында толық аяқталды. Қала көркін арттырып, тұрғындар мен қонақтарға заманауи талапқа сай жайлы жағдай жасау мақсатында теміржол вокзалының ғимараты қайта жаңартылды, 10 жылға жоспарланған инвестиция қаражаты 1 жыл ішінде қарастырылып, былтыр 10 маусымда басталған жұмыстар 2024 жылдың 10 мамырында толық аяқталды. Сенімгерлік басқаруға нысанды беру арқылы қайта жаңғырту жұмыстары тиімді жүзеге асқанын атап өткен жөн. Мұнда тәулігіне 27 бағыт бойынша поездардың қызметі ұйымдастырылған. 1968 жылы салынған ескі вокзалдың жалпы ғимарат алаңы 1 770,2 шаршы метрді, жолаушыларды өткізу қабілеті тәулігіне 2 мың жолаушыны құраса, бүгінде қайта жаңғырту жұмыстарынан кейін теміржол вокзалының аумағы 2 249,33 шаршы метрге ұлғайып, өткізу қабілеті тәулігіне 6 мың адамға дейін артты. Сондай-ақ, жолаушыларды күту залының аумағы 898,3 шаршы метрден 1 982,3 шаршы метрге дейін артты. Жобада ғимараттың екінші кіреберісі, жолаушыларға жайлы қызмет көрсететін заманауи талапқа сай 2 күту залы және екінші қабатта фудкорт қарастырылды. Вокзал ғимаратының қасбеті мегаполистің сәулеттік келбетіне сай жабдықталып, шыны витражды жүйелерден және металл кассеталардан жасалды. «Темір жол – ел экономикасының күретамыры» деген қағида әлі де маңызын жойған жоқ, тіпті, бұрынғыдан да арта түсті деуге болады. Өйткені, тәуелсіз мемлекетіміздің іргелі бір саласы да осы боп отыр.

0 пікір