Шымкентте «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында жол қауіпсіздігіне бағытталған ауқымды рейд өтті
«Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында Әл-Фараби ауданы прокуратурасының үйлестіруімен патрульдік полиция полкі бірлесіп жол жүрісі қағидаларын сақтау мақсатында ауқымды рейд өткізді.
Іс-шара барысында жылдамдықты асыру, мас күйінде көлік басқару, жол белгілері талаптарын сақтамау секілді өрескел құқық бұзушылықтарға ерекше назар аударылды.
Рейд қорытындысы бойынша бірқатар әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталып, заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданды. Сонымен қатар жол қозғалысына қатысушыларға профилактикалық және түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Аталған іс-шаралар жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және жолдағы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Шымкент қаласының прокуратурасы
Көп оқылғандар
Шымкент қаласы полиция департаментінде «Сергек» жүйесінің тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА «ТАЗА АУЛА» АКЦИЯСЫ: 55 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНА ҚАТЫСТЫ
Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде
Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті
ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДАҒЫ АБАТТАНДЫРУ БАРЫСЫ
+7 (702) 435 3845
sayasat_akparat@mail.ru