ШЫМКЕНТТІК ДЕЛЕГАЦИЯ СИАНЬ ҚАЛАСЫНА ІС САПАРМЕН БАРДЫ
ШЫМКЕНТТІК ДЕЛЕГАЦИЯ СИАНЬ ҚАЛАСЫНА ІС САПАРМЕН БАРДЫ
03.07.2024 00:19
46
0

 Шымкенттік делегация Қытайдың Сиань қаласына іс сапармен барды. Кездесу барысында екі қала арасында түрлі сала бойынша ынтымақтастық туралы келісімдер жасалды. Негізгі бағыттардың бірі – инвестиция. Бауырлас қала инвесторлары үшінші мегаполиске қомақты қаражат салып, ел экономикасын дамытуға өзі үлесін қосады деп күтілуде.Форум және екіжақты кездесулер нәтижесінде жалпы құны 17,6 млн АҚШ долларына келісімдер жасалып, құжаттарға қол қойылды. Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Кәрімов Айдын Мейрамбекұлы «2024 жылғы 24-26 маусым аралығында Шымкент қаласы делегациясының Қытай Халық Республикасының Сиань және Үрімші қалаларына сапары туралы» баспасөз конференциясын берді. Шымкент пен Сиань қалалары арасында бауырластық қарым-қатынас орнатудың 1 жылдық мерейтойы қарсаңында Қазақстан Республикасының Сиань қаласындағы Бас консулдығының қолдауымен Шымкент қаласының әкімі бастаған ресми және іскер делегациямен 2024 жылдың 24-25 маусымы аралығында Сиань қаласында болды. Айдын Мейрамбекұлы баяндағандай, сапар барысы Сиань қаласындағы көлік-логистикалық терминалды аралаудан басталды. Қазақстан мен Қытай басшыларының Қытайдың Шэньси қаласын Қазақстанмен, Орталық Азиямен және одан әрі Еуропамен байланыстыратын логистикалық орталық салу туралы келісімі аясында құрылған.

- Жалпы Сиань қаласы Қытайдың транзиттік орталығы, ал құрғақ порты елдегі ең үлкені. Мұнда Қытай мен Еуропалық Одақ арасындағы контейнерлік пойыздардың жалпы көлемінің 40 пайызға жуығы қалыптасады. Терминал еліміздің экспорттаушылары үшін жаңа нарықтарға жол ашады, жүктерді жеткізу мерзімдерін айтарлықтай қысқартады және Қазақстанның Еуразиядағы сенімді транзиттік хаб ретіндегі ұстанымын нығайтады дейді, - А.Кәрімов.

Форум және екіжақты кездесулер нәтижесінде жалпы құны 17,6 млн АҚШ долларына келісімдер жасалып, құжаттарға қол қойылды. Атап айтқанда:

1. «Invest Shymkent» ЖШС және «China-Kazakhstan Enterprises Alliance Committee group» арасында өзара түсіністік туралы меморандум;

2. «KazFerroGroup» ЖШС және «Shanxi Heynan New Metallurgical Electric Equipment Co. LTP» компаниясы арасында Ферроқорытпа пешін сатып алу туралы келісім (16,3 млн АҚШ долл.);

3. «JT Food Expert» және «Xi'an Gang Tong Tian Xia Dian Zi Shang Wu You Xian Gong Si» компаниялары арасында тамақтану саласында бірлескен кәсіпорын құру туралы келісім;

4. «KazBioTech» ЖШС және «Alashankou city Haoyu Trading Co. Ltd» арасындағы өсімдік майын сату туралы келісім (1,3 млн АҚШ долл.). Сонымен қатар, сапар аясында Сиань қалалық партия комитетінің хатшысы Фан Хунвэй мырза және қала мэрі Е Нюпин мырзамен кездесу өтті. Кездесу барысында түрлі салалардағы екіжақты қарым-қатынастарды дамыту мүмкіндіктері мен сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша нақты бастамалар талқыланғанын айтты Айдын Мейрамбекұлы.

0 пікір