ШЫМКЕНТТІК ҰСТАЗДАР ТАҒЫ ДА ТОП ЖАРДЫ
ШЫМКЕНТТІК ҰСТАЗДАР ТАҒЫ ДА ТОП ЖАРДЫ
31.03.2022 11:07
74
0
28-30 наурыз күндері Білім және ғылым министрлігі «Дарын» Республикалық ғылыми практикалық орталығының ұйымдастыруымен Атырау қаласында математика пәні мұғалімдеріне арналған дәстүрлі «Математикалық регата» республикалық олимпиадасы болып өтті.
Олимпиадаға еліміздің барлық өңірлері мен республикалық білім беру ұйымдарынан құрамы 4 адамнан тұратын 20 команда қатысты. Олимпиадада Шымкент қаласының намысын олимпиаданың қалалық кезеңінің жеңімпаздары О.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінің мұғалімі Ен Раиса Николаевна , №1 дарынды балаларға арналған IT лицей – интернатының мұғалімі Мирзахмедов Нурбол, №90 ДАБММГ мұғалімі Айдарбеков Елдос және Ы. Алтынсарин атындағы №65 м/г мұғалімі Садиров Жақсылық қорғады.
Олимпиада төрт кезеңді қамтыды. Қатысушыларға әр кезең бойынша ұжымдық жазбаша шешуді қажет ететін үш тапсырма ұсынылды. Байқаудың барлық кезеңінде білімі мен тәжрибесін дәлелдеген Шымкент қаласының ұстаздары республикалық олимпиадада III орынды иеленді.
Барлық жеңімпаздарды жүлделі орындарымен құттықтаймыз! Алдағы уақытта шығармашылық шарықтау мен толағай табыстар тілейміз!
 
 
 
 
 
0 пікір