ШЫМКЕНТТІКТЕР АВТОКӨЛІКТІ САТЫП АЛУ-САТУ ШАРТЫН МХҚКО-ДА ТІРКЕЙ АЛАДЫ
ШЫМКЕНТТІКТЕР АВТОКӨЛІКТІ САТЫП АЛУ-САТУ ШАРТЫН МХҚКО-ДА ТІРКЕЙ АЛАДЫ
17.06.2024 13:20
126
0

 Қазақстанда көлік құралдарын қайта тіркеу қызметі жеңілдетілді: енді сатушы мен сатып алушы QR-кодтың көмегімен автокөлікті сатып алу-сату шартына қол қоя алады.

Автокөлікті сатып алу-сату шартын қазір тек нотариуста ғана емес, сонымен қатар арнайы ХҚКО-ларда да рәсімдеуге болады. Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының операторы жүйеде электронды құжат құра алады, ал сатушы мен сатып алушы оны EGOV Mobile қосымшасы арқылы сканерлеп, QR кодымен қол қоя алады. Сервис көрсетілетін қызметті алушылардың ыңғайлылығы үшін, сондай-ақ көлік құралдарын тіркеу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін әзірленді.

Сондай-ақ, Бұған дейін көлік құралдарын қайта тіркеу үшін автокөлікті сатып алу-сатудың нотариалды куәландырылған шарты қажет болатын. Енді мамандандырылған ХҚКО қызметкері электрондық құжатты жүйеде қалыптастыра алады, ал сатушы мен сатып алушы eGov mobile қосымшасының көмегімен QR – код сканерлеу арқылы құжатқа қол қоя алатын болады.

Айта кету керек, бұл қызмет «Азаматтарға арналған үкіметке» тиесілі. Бұл жаңашылдық қызмет алушылардың ыңғайлылығы мен жайлылығы үшін және көлік құралдарын тіркеу кезінде сыбайлас жемқорлықты жою мақсатында енгізілді. Енді Мемлекеттік корпорацияның, ҚР ІІМ және “ҰАТ” АҚ ақпараттық жүйелерінің ықпалдасуының нәтижесінде автокөлікті қайта ресімдеу процесі ашық болады. Мәмілені тіркеу кезінде жалған қол қою мүмкін емес.

Қызмет алушылар жүгінген кезде мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының операторы сатушы мен сатып алушы туралы, сондай-ақ көлік құралы жайлы мәліметтерді жүйеге енгізеді. Осыдан кейін жүйе автоматты түрде мәміленің электрондық жазбаша нысанын қалыптастырады және экранға QR код шығарылады. Оны сканерлегеннен кейін, автокөлікті сатушы және сатып алушы тараптар құжатпен танысып, оған ЭЦҚ көмегімен қол қоя алады.

Сондай-ақ, ұйымның мүдделерін білдіруге сенімхаты және ЭЦҚ пайдалану құқығы бар заңды тұлғалардың өкілдері үшін де бұл процесстің аналогы eGov business қосымшасы арқылы қолжетімді.

Осы тұста, көлік құралдарын қайта рәсімдеу кезінде мәміленің қағаз түріндегі жазбаша нысанын қабылдау ағымдағы жылдың 23 сәуірінде ҚР ІІМ көлік құралдарын тіркеу және есепке алу Қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгендіктен жойылғанын естеріңізге сала кетейік.

 

0 пікір