СОЛТҮСТІККЕ ҚОНЫС АУДАРУ БОЙЫНША
СОЛТҮСТІККЕ ҚОНЫС АУДАРУ БОЙЫНША
13.09.2021 16:53
331
0

 

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жұмыс күші тапшы өңірлерді қамтамасыз ету мақсатында азаматтарды Солтүстік өңірлеріне көшіру Шымкент қаласында жүйелі түрде жүргізілуде.

Айта кетсек, 2020-2021 жылы Шымкент қаласы бойынша 67 отбасы қоныс аударуға ниет білдірген. Жалпы, өткен жылы оңтүстіктен қоныс аударған отбасылардың басым бөлігі ауылшарушылығы мен мал шаруашылығы кәсібімен айналысып, өз шаруашылықтарын дамытып отыр.

Осы орайда, 22-23 шілде аралығында Оңтүстік өңірінің тұрғындарын солтүстікке қоныстандыру мәселелері бойынша Шымкент қаласының «SHANYRAQ» орталығында Шығыс және  Солтүстік Қазақстан облыстарының жұмыспен қамту орталығының бас мамандары кездесу өткізді.  Шымкент қаласының халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен өткен кездесуде мемлекеттік бағдарламаның тиімділігі мен талаптары қала тұрғындарына кеңінен түсіндірілді. Қала тұрғындарына СҚО Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы, СҚО Ақжар ауданы, СҚО Есіл ауданы, ШҚО Катонқарағай ауданы,ШҚО Глубокой ауданынан өкілдері бағдарлама жайында толық ақпаратты түсіндірді.

Мысалыға , СҚО Ғабит Мүсірепов атындағы ауданына көшетін болсаңыз...

Жаңа тұрғылықты жерінде ерікті аймақаралық қоныс аударуды мемлекеттік қолдау:

- көшуге  материалдық көмек беру;

Бағдарламаға қатысушыларға және олардың отбасы мүшелеріне , сондай-ақ отбасы жағдайына қарамастан жалғызбасты адамдарға көшуге материалдық көмек-отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (204 190 теңге) мөлшерінде бір рет беріледі.

- тұрғын үйді жалдау(жалға алу) және коммуналдық қызметтерге  ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеу;

Бағдарламаға қатысушының отбасына, оның ішінде жалғызбастыларға тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық  қызметтерді төлеу бойынша шығыстарды өтеуге материалдық көмек-ай сайын, 12 ай ішінде мынандай мөлшерде беріледі:

Ауылдық жерге қоныс аударғандар үшін:

-       1 адамға 15 АЕК (43 755) мөлшерінде, отбасы мүшелерінің саны 2-4 дейін болған кезде 18 АЕК (52 506 теңге) мөлшерінде;

-       Отбасы мүшелерінің саны 5 және одан да көп болған жағдайда 21 АЕК (61 257 теңге) мөлшерінде;

-       Қоныс аударушыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету арқылы тұрғын үй сатып алу және/немесе салу арқылы жалға берілетін тұрғын үй беру;

Жаңа үйлерге қоныстандыру шарттары отбасы құрамы 4 және одан да көп адамнан болуы тиіс. Тұрғын үйлердің ауданы 70-90 ш.м. бастап, тұрғын үйді жалға алу үшін ай сайынғы  жалдау ақысы 6000-9000 тг басталады. 5 жылдан кейін қалдық құны бойынша тұрғын үйді жекешелендіруге болады.

 

Аудан бойынша  бос жұмыс орындары:

-       Механизатор

-       Мал дәрігері

-       Агроном

-       Инженер-механик

-       Электрик-энергетик

-       Медбике

-       Малшы

-       Сварщик

-       Зоотехник

-       Мұғалім

-       Есепші

-       Экономист

-       Бағдарламашы және т.б.

 

Қажетті құжаттар:

- жеке куәлік

- балалардың туу туралы куәлігі

- неке куәлігі

-білімі туралы құжат (бар болса)

- egov.kz сайтынан мүліктің бар екендігі туралы анықтама (барлық отбасы мүшелері үшін)

- ағымдағы шоттың 20 таңбалы нөмірі (халық банк, Казпошта).

 

СҚО Ғабит Мүсірепов атындағы ауданына қоныс аудару сұрақтары бойынша қала тұрғындары төмендегі нөмірлерге хабарласа алады:

8705 199 68 67,8707 552 81 99, 8702 727 54 64, 8(71535)51-6-45

________________________________________________________________________________________________________________________________

 

 

ШҚО Глубокий ауданына көшкіңіз келсе...

Бағдарламаға қатысушыларға ерікті түрде қоныс аудару бойынша:

1) көшуге арналған субсидиялар;

2) тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй немесе жатақханалардағы бөлме ұсынылмаған кезде тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу жөніндегі шығыстарды өтеу.

Көшуге арналған субсидиялар отбасының әрбір мүшесіне отыз бес еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір рет беріледі.

Тұрғын үйді жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарды өтеуге және коммуналдық қызметтерді төлеуге арналған субсидиялар – ай сайын он екі ай ішінде келесі мөлшерде:

1) қалалық жерге қоныс аударғандар үшін:

- бір адам үшін он бес еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

- он сегіз еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, отбасы мүшелерінің саны екіден төртке дейін;

- отбасы мүшелерінің саны бес және одан көп болғанда жиырма бір еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

2) ауылдық жерге қоныс аударғандар үшін:

- бір адам үшін он бес еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

- он сегіз еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, отбасы мүшелерінің саны екіден төртке дейін болған жағдайда;

- жиырма бір айлық есептік көрсеткіш саны отбасы мүшелерінің бес және одан да көп.

Үкімет айқындаған өңірлерге келген оралмандарға субсидиялар кету өңіріне және жұмысқа орналасу фактісіне қарамастан төленеді.

Көшуге арналған субсидияларды және тұрғын үйді жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарды өтеуді және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуді бағдарламаға қатысушының карт-шотына ақша аудару арқылы растайтын құжаттар негізінде қоныстандыру өңірлерінің халықты жұмыспен қамту орталықтары төлейді.

ШҚО Глубокое ауданы, Пирогова көшесі, 11 , тел: 8708 437 22 20

 

_______________________________________________________________________________________________________________________________

 

Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы

Катонқарағай ауданы-Орталық Азиядағы көшбасшы мемлекет ретінде танылған Қазақстанның Шығыстағы інжу-маржаны.Ауданда туристер мен демалушыларға 2 шипажай (Рахман қайнары,Нұрбұлақ), 12 пантамен емдеу орталықтары,5 қонақ үй,12 шағын қонақ үй, 12 дәмхана, 4 мейрамхана, 19 халыққа тұрмыстық қызмет көрсету объектілері, бал өнімдерін қайта өңдейтін «Нектар Катон-Қарағай» ӘКК және т.б. жұмыс жасайды.

Байланыс үшін: ШҚО, Катонқарағай ауданы,Үлкен Нарын ауылы «Катонқарағай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ, Абылайхан көшесі 109 А, 8 (72341) 2 14 39, 2 95 28

 

 

СҚО, Есіл ауданы қоныс аударуға ниет болса...

 

Жаңа тұрғылықты жерінде ерікті аймақаралық қоныс аударуды мемлекеттік қолдау:

- көшуге  материалдық көмек беру;

Бағдарламаға қатысушыларға және олардың отбасы мүшелеріне , отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (204 190 теңге) мөлшерінде бір рет беріледі.

Көшуге материалдық көмек бағдарламаға қатысушыға және оның отбасы мүшелеріне олар жаңа тұрғылықты жерге келгеннен кейін беріледі.

- тұрғын үйді жалдау(жалға алу) және коммуналдық қызметтерге  ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеу;

- қызметтік тұрғын үй немесе еңбекші жастар үшін «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде салынған (сатып алынған) жаңа тұрғын үй беруді;

-Қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмыс берушілерге субсидиялар беруді;

-Қажет болған жағдайда техникалық және кәсіптік білім беру ұйымына және қысқа мерзімді кәсіптік курстарға жіберуді;

-Жаңа тұрғылықты жерінде жұмысқа орналасуға және кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуді қамтиды.

 

Бағдарламаға қатысушының отбасына, оның ішінде жалғызбастыларға тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық  қызметтерді төлеу бойынша шығыстарды өтеуге материалдық көмек-ай сайын, 12 ай ішінде мынандай мөлшерде беріледі:

-       Қалалық жерлерге қоныс аударғандар үшін: бір адам үшін – 20 АЕК; отбасы мүшелерінің саны 2-4 дейін болған кезде 25 АЕК мөлшерінде;

-       Отбасы мүшелерінің саны 5 және одан да көп болған жағдайда 30 АЕК мөлшерінде;

Ауылдық жерге қоныс аударғандар үшін:

-       1 адамға 15 АЕК мөлшерінде, отбасы мүшелерінің саны 2-4 дейін болған кезде 18 АЕК  мөлшерінде;

-       Отбасы мүшелерінің саны 5 және одан да көп болған жағдайда 21 АЕК мөлшерінде;

Қосымша: қоныс аударушының келісімімен олардың жеке меншігіне тұрғын үй сатып алу үшін аудандық\қалалық комиссия ұсынымдарының негізінде отбасына бір жылға есептелген сома шегінде субсидия сомасын бір рет төлеуге жол беріледі.

Отбасына жылына тұрғын үйді жалдау және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге есептелген сома шегінде мешікке тұрғын үйді сатып алу үшін быржолғы төлем  алдын ала сатып алу шарты болған кезде жүзеге асырылады.

Егер қабылдау өңірлерде сатып алынатын тұрғын үйдің құны:

-       Біржолғы төлем мөлшерінен төмен болса, сомалар айырмасы бағдарлама қатысушыда қалады;

-       Біржолғы төлемнің мөлшерінен жоғары болса, құнының айырмасын бағдарлама қатысушы өзінің ақшалай қаражаты есебінен өтейді.

Байланыс тел: 8 (71543) 2 25 97, 8777 6065222, 8702 271 13 33

___________________________________________________________________________________________________________________________________

 

 

СҚО  Ақжар ауданына қоныс аударғыңыз келсе...

Өңіраралық қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмыс берушіге кемінде бес бағдарламаға қатысушыны жұмысұа орналастыру кезінде кемінде 3 жыл мерзімге тұрақты жұмыс орнына қабылданған әрбір жұмыскер үшін 450 АЕК (1 312 650тг) мөлшерінде субсидиялар беріледі.

 

Бағдарламаға қатысушыларды мемлекеттік қолдау көшуіне және тұрғын үй алуға (жалға алуға, сатып алуға) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығыстарын өтеуге субсидиялар беруді қамтиды.

-       Көшуге субсидия әр бір отбасы мүшесіне 70 АЕК (204 190 теңге) мөлшерінде бір рет беріледі.

- тұрғын үйді жалдау (жалға алу) немесе сатып алу бойынша шығыстарды өтеуге субсидия

Ауылдық жерге қоныс аударғандар үшін бір реттік немесе 12 ай ішінде ай сайын:

-       1 адамға 15 АЕК  мөлшерінде, отбасы мүшелерінің саны 2-4 дейін болған кезде 18 АЕК  мөлшерінде;

-       Отбасы мүшелерінің саны 5 және одан да көп болған жағдайда 21 АЕК  мөлшерінде;

 

Бағдарламаға қатысу үшін қажетті құжаттар:

-       Жеке куәлік (көшірмесі)

-       Отбасы құрамы туралы мәлімет

-       Тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін , уақытша тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі

-       Еңбек кітапшасының көшірмесі

-       Немесе еңбек жолын растайтын құжат (жұмыс істейтін тұлғаларға)

-       Білімі туралы құжаттың көшірмесі (аттестат, куәлік, диплом) немесе оқу курстарынан өткенін растайтын басқа да құжаттар (куәлік, сертификат) болған жағдайда

-       Келу өңірі бойынша жергілікті атқарушы органдардан тұрғын үйдің болмауы жайында анықтама (қызметтік үй берілуі үшін)

Байланыс тел: 8 (71546) 22 109, 79 054,8776 981 7531, 8776 741 2694

 

 

Сонымен қатар, Павлодар облысы, Май ауданы, Көктөбе ауылы

Бүгінде аудан бойынша келесі бос жұмыс орындары бар:

1.   Математика пәнінің мұғалімі,

2.   Ағылшын пәнінің мұғалімі,

3.   Физика пәнінің мұғалімі,

4.   Тәрбиеші,

5.   Музыка пәнінің мұғалімі,

6.   Фортепиано мұғалімі,

7.   Қобыз мұғалімі,

8.   Халық әні мұғалімі,

9.   Вокал мұғалімі,

10.            Хореограф,

11.            Медбикелер,

12.            Дәрігер-терапевт,

13.            Дәрігер- гинеколог

14.            Дәрігер-отоларинголог

15.            Дәрігер-офтальмолог

16.            Жалпы практика дәрігері,

17.            Анестезиолог-реаниматолог

18.            Агроном,

19.            Механизаторлар,

20.            Дәнекерлеушілер,

21.            Жүргізушілер.

 

«Май аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ

Байланыс тел: 8705 105 72 80,  8777 250  33 10

 

Павлодар облысы, Успен ауданы

«Успен аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ

Байланыс тел: 8(71834) 91298, 91494, 8771 850 91 73

 

 

Шымкент қаласы тұрғындары қоныс аудару бағдарламасына қызығушылық танытқан жағдайда қалалық халықты жұмыспен қамту орталықтарының жұмыспен қамту бөлімдеріне жүгіне алады. Мекенжайлары:

✓Абай ауданы бойынша Жиделі байсын көшесі, 92 («Бекжан» базары, «Бекжан» сауда орталығы, 1 қабат).

✓Әл-Фараби ауданы бойынша А.Байтұрсынов көшесі мен Мирас көшелерінің қиылысы, А.Байтұрсынов көшесі ,201.

✓Еңбекші ауданы бойынша Күншығыс» м/а, Жолан батыр көшесі 115/2. 

✓Қаратау ауданы бойынша «Нұрсәт» м/а, С.Бәйтереков, 89 үйде  орналасқан қалалық жұмыспен қамту орталығына қарайды.

 

Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма күндері сағат 09.00-19.00-ге дейін.

❗Тек Абай ауданы бойынша жұмыспен қамту бөлімшесі сағ 09.00-18.00-ге дейін жұмыс жасайды.

Түскі үзіліс 13.00-15.00 аралығында.

 

Шымкент қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының баспасөз қызметі

0 пікір