«СОҚЫР» ма, әлде СОНШАЛЫҚТЫ БІЛІКСІЗ БЕ???
«СОҚЫР» ма, әлде                           СОНШАЛЫҚТЫ      БІЛІКСІЗ БЕ???
04.11.2021 15:42
145
0

ХАТТАР СЫР ШЕРТЕДІ...

Қазақстан  Республикасының Жоғарғы Сотының  төрағасы  Ж.Қ.Асановтың,  Бас прокурор Ғ.Нұрдаулетовтың   назарына!!!

 

«СПЕЦСОТТЫҢ»    судьсы   С.У.ТЕМІРӘЛИЕВ,  алқа  экс-төрағасы З.ПІРНИЯЗ,  парақор судья  А.РАХЫМБАЕВ пен судья  Т.ОНҒАРБАЕВТАР  шынымен ақ «СОҚЫР» ма, әлде                           СОНШАЛЫҚТЫ      БІЛІКСІЗ БЕ??? 

 

Құрметті «Саясат-ақпарат» газетінің редакциясы. Мен өзім Сарыағаш ауданының тумасымын. Сіздерге хат жазуға түрткі болған жағдай, ол менің 1998 жылғы інім Қасым Ердаулеттің басына түскен жағдай болуда. «Тас түскен жеріне ауыр екен» деген рас екен. Ойламаған жерден 18 жасқа енді толған інім істі болып, 2016 жылдың желтоқсан айында, ол кезде ОҚО-ның қылмыстықістер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының Үкімімен 12 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Тергеу, прокуратура органдары мен соттың «солқылдақтығы» адамның ызасын келтіреді.  Амал жоқ. Қолдан келер басқа шара жоқ, еш болмаса жұрт білсін, інімнің адам өлтіруге ойы да , пиғылы да болмағандығын жеткізуім үшін, біржағынан келешек жастарға да  сабақ болсын деген ойменен,  ашына отырып сіздерге   хат жазып отырмын. Осы хатымды және арызға тіркеген құжаттармен бірге газет  және интернет бетіне жарияласаныздар екен. Алдын ала алғысымды білдіремін.

Өмірімізде,  біздің әулет полицияға, немесе  сотқа ісі түсіп көрмеген еді. «Бәле қайда, аяқ астында»- деген сөздің мағынасын енді-енді  түсініп отырмыз. Қайран інім ай, біреулерге жақсылып істеп нен бар еді.....

Інім сол қарғыс атқан күні, құрбы достарына зәбір көрсеткен  бұзақы «жәбірленушілерден» қорғаймын деп, өзі қылмыс жасаушы болып атанды...

Мына заманда біреуге жақсылық жасаудың өзі қорқынышты болып қалды.

Титтейінен тұралықты, әділдікті және  жанашырлықты бойына сініріп өскен інім Ердаулет, әр қашан да әлсіздерге болыса кететін мінезі бары рас. Бірақ, сол мінезі өзіне таяқ болып тиді. Халық арасында «Сауаптың түбі тесік»-деген сөз осыдан қалса керек....

                       (көзі байланған соттың сүреті мүсін-фотосын қою керек) 

                       Соттардың әділетсіздік «символы»???

Сонымен не керек, сотқа деінгі тергеп тексеру органдарымен заңсыз тағылған «бұзақылық ниетпен  адам өлтіруге оқталу» және «атыс қаруын сақтау, тасымалдау» айыппенен,  қылмыстық іс сотқа  жетті.  Мен бұрындары сот деген өте бір таза, кіршіксіз, нағыз  әділдікті айтатын, тұралықты сөйлейтін орын екен деп ойлаушы едім...

Сөйтсем, бәрі мен ойлағаннан басқаша  болып шықты. Ақ қарасын ажыратады деген сотымыз, тергеу органдарымен дұрыс сараланбаған қылмыстық істі біржақты, тек айыптау бағытымен қарады.

Бәсе, сот ғимараттарының алдында мүсін болып состиіп тұрған соттың көздері неге байлаулы десем, олар  әдейі  ештенені көрмеуі үшін,  «шүбірекпен» осылайша көздерін байлап тастаған екен ғой???

Соттардың әділетсіздік «символы» іспеттес осы көздері «тарс» буылған мүсіндерін көрген кезімде, өз-өзімді әрен сабырға шақырамын....

 Негізінде мен, соттардың шынайы«соқырлығын» ініме қатысты өтіп жатқан сот отырыстарына қатысқан кезде бірақ сезіндім. Алдына не келсе соны «шайнап» жейтін «соқыр батырлықты» танытып, қылмыстық іске тіркелген дәледемелерге сүйенбестен, тергеушінің  асығыс түрде  інімнін ісіне қатысты  «дайындап» берген «сорақы» баптарының бірде біреуін судья С.Темиралиев өзгертпестен, інім Ердаулетке қатысты заңсыз, әрі негізсіз, өте әділетсіз  айыптау Үкімін шығарып, түрменің ен қатал тәртібімен жазаланатын жеріне, 12 жылға бірақ аттандырып жіберді.

Бірінші сатыдағы соттың судьясы Самидин Темиралиевтің шығарған негізсіз Үкімімен келіспей,  бар үмітімізді артып, біз апелляциялық  сот алқасына шағым келтірген болатынбыз.

Алайда, сол кездегі ОҚО сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Зияниддин Пірнияз, судьялары Талғат Онғарбаев пен  ӘшірбекРахымбаевтар бірінші сатылы соттың шығарған Үкімін «өте әділетті», өте керемет  дұрыс шығарылған деп өзгеріссіз қалдырды. Інімнің жазасы сәл де болса женілдейді, аздап болса да  жылын,әділ төрешілер  кемітетін шығар, жазасын женілдететін шығар  деген үмітіміздің, күл талқаны шықты.

 Әке-шешем, тұған-туыс, бауырлар  соттардың мына әділетсіздіктерін  көріп,  сот залында шарасыздықтан зарлап отырып қала берді....

Бірақ та, адамның көз жасы ешкімді жібермейді деген сөздің де бар екендігін, біз, бәріміз  ешқашан ұмытпауымыз керек.

Бумеранг заңы мүлт жібермеді....

ОҚО сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының   төрағасы Зияниддин Пірнияз, белгілі «бір себептерімен»Шымкент қаласының Еңбекші аудандық сотына жай «рабочий» судья болып ауысып кетті.

 Алапелляциялық алқасының судьясы Әшірбек Рахымбаевпарамен ұсталып,бүгінде сотталып, түрменің төріне масқара болып  кетті. 

Ия,негізсіз 12 жылға сотталған  інімнің анасы,туған-туыстардың көз жасы қойсын ба?Жалған дүниенің сотынан, о дүниенің соты ауырлау болатының білсе ғой,  өздерін жердегі құдайшық болып сезінген судьялар....

Ал, судья Талғат Онгарбаев болса, «малғұн», «козел», «төбет» деген атпен сарыағаштық  журналист А.Батырбековтың фейсбук парақшасында  масқарасы шығып, ол  жүр.  Бұдан артық оған  қандай қорлық керек, енді....

Інім Ердаулет Қасымның қорғаушыларының айтуы бойынша, бірінші және апелляциялық сот алқасының судьялары, қылмыстық істі қарау барысында көптеген заңдарды бұзған көрінеді. Соның бірі, кез келген судьяның  алдында Құран секілді тұратын  Жоғарғы соттың нормативтік қаулысы екен.

«Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтау туралы»30 сәуір 1999 жылғы №1 санды Жоғарғы сотының  Нормативтік Қаулысының 29-тармақшасында: Істі апелляциялық тәртіпте қарағанда соттар, бірінші сатыдағы соттардың жаза тағайындаған кезде жіберген қателері мен заңды бұзған жерлерін анықтаған кезде, оларды түзету үшін заңда көрсетілген барлық шараларды қолдануы керек»-делінген.

Бірақ та, апелляциялық сот алқасы,  Жоғарғы Сотының осы Нормативтік Қаулысында көрсетілген заң талаптарын  дәлме-дәл сақтамастан, бірінші сатылы соттың шығарған Үкіміндегі қателіктерді түзету үшін,  қылмыстық процестік заңында көрсетілген барлық шараларды қолданбады.

Сол себепті,  қылмыстық құқық бұзушының іс-әрекетін  дұрыс саралау құқық қолдану органы қызметкерлерінің қызметтік борышы, негізгі міндеттері. Қылмысты дұрыс саралау –адамдардың Конституциясында, басқа да заңдарда көрсетілген құқықтарын, бостандықтарын  қорғаудың КЕПІЛІ.  Қылмысты дұрыс сараламаудың өзі қылмыстық құқықтың алға қойған басты мақсаттарының бірі жасалған іс-әрекеттерге дұрыс, әділ жаза тағайындау ПРИНЦИПІНЕ  қайшы келеді.

Ал, бірінші сатыдағы сот болса,  қылмыстық іс жүргізу нормаларының  дәлме-дәл сақтамастан,  қылмыстық құқықтың  басты мақсаттарын бұза отырып, ешқандай негіз болмаса да, сотталушы Е.Ж.Қасымның іс- әрекеттерін дұрыс сараламастан,  12 жылға бас бостандығынан айырып,  өте ауыр  жаза қолданды-деп, есептейді кассациялық шағым жазған заңгер.

Бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар,  Қазақстан Республикасының  Қылмыстық Процестік Кодексінің 10-бабының заңдылық талаптарын  өрескел бұзған. Сот қылмыстық істер бойынша іс жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Кодекс, осы Кодекстің 1-бабында көрсетілген өзге де нормативтік құққықтық актілерін дәлме-дәл сақтауға міндетті.

Алайда, біріншіжәне апелляциялық сатыдағы соттар, бұл заңдардыжәне Қазақстан Республикасының  Қылмыстық Процестік Кодексінің 24-бабының заң талаптарынапысқырған  да жоқ, заң тілімен айтсақ оны дәлме-дәл мүлдем сақтаған жоқ. Істі тек айыптау бағытымен жүргізіп, жәбірленуші тараптың  және құдалау органдарының сөздеріне сүйеніп, сот актілерін, айыптаушы  тарабының негізсіз  және  өздерін қорғау мақсатында «жәбірленушілер»  жағынан келген 11 куәлардың(осы 11 куәнің барлығы төбелеске себепкер болған, өздері болып «мойкадағы» жігітке тиісіп ұрып-соққан нағыз «бұзақы» жігіттер) берген жауаптарына  ғана сүйеніп, сот актілерін шығару кезінде тек соған баға беріп, сонымен ғана негіздеп, ал сотталушы тараптың жауаптарына  және  сот барысында ұсынылған дәлелдемелеріне  аса  мән берместен, оларға тиістізаңды құқықтық бағасын берместен,  негізсіз әрі заңсыз, әділетсіз айыптау  сот Актілерін шығарды.

ҚҰЖАТТАР СӨЙЛЕЙДІ...

  1. Сотта жауап берген (жәбірленуші Қ.Мақсұтовтың жан досы) Кенжебеков Жәнібек (іс беті 34-37 бума 1)  сотта былай жауап берді:

  -«19.07.2016 жылыжәбірленуші Максутов Құаныш өзіне телефон соғып хабарласып,  «мойкаға» шақырғаның, ол өзінің  досы  Қарасаймен бірге   сол  жерге келгендігін,  мойкада жұмыс жасайтын  Серікбай Жасуланға келіп  тиіскендерін,  оған әлімжеттілік көрсетіп, одан өздерінің үстем екендіктерін сезініп,  автокөлік жуғаның үшін  неге біздің балдардан ақша сұрайсын,  сен бұдан былай көліктерімізді тегін жуасын, әйтпесе бұл районда жүре алмайсын- деп, ұрып-соққандығын, бейаморальды  әрекеттер  жасап,  оны боқтап қорлағандарын,  ал жәбірленуші Максутов Құаныш  болсаСерікбай Жасұланның  ішінен тепкенің, сосын кейін сөйлесеміз деп Жасұланның телефон нөмірін алып кеткендерін.  Содан, осыған байланысты туындаған  «мәселені» шешу үшін  ертеніне 20.07.2016 жылы, Серікбай Жасұланның достарымен сөйлесу үшін  «Жерұйық»  кафесіне  төмендегі  аталған Максутов Құаныштың жақтастары:             1) Орынбасар Асхат,  2)Кенжебеков Жәнібек ,  3)Елтанбай Бақдаулет, 4)Курғанов Бекзат,  5)Сүлеймен Абылайхан,  6)Жақып Марат,  7)Түзелбаев  Нұрдаулет,   8)Шораев Қарасай, 9)Тоғайбай Бексултан,  10)Марха Талғат және  11)«Нұрбек» достарымен «разборкаға» келгендігін, ол  жерде  Шынғыс Тұрғанбек пен Ердаулет Қасымды кездестіргендігін, алайда олардың сөмкелерінде «шолақ мылтық» болуы мүмкін деп, қорқып ешқандай мәселе  шеше алмағаннаң соң,Максутов Құаныштыңжақтастары, әрі достары:  Орынбасар Асхат, Кенжебеков Жәнібек , Елтанбай Бақдаулет, Курғанов Бекзат,  Сүлеймен Абылайхан,  Жақып Марат,  Түзелбаев  Нұрдаулет,   Шораев Қарасай, Тоғайбай Бексултан, Марха Талғат және  «Нұрбек» есімді азаматтармен алдын-ала сөз байласып, қылмыстық-бұзақылық  топ құрып,  сол күні, яғни 20.07.2016 жылы  кешкі  сағат 21:30 «Ақ тілек» тойханасының қарсы бетінде орналасқан жан-жағы  шлакоблокпен қоршалған бос жерге «разборкаға» жасау үшін жиналып, Серікбай Жасұланның достарын оның ішінде Е.Ж.Қасымдарды түнгі сағат 00:15-ке дейін   олардан кек  алу мақсатында  ұзақ уақыт күтіп отырған. Ақыры олар алдын ала ойластырып қойған мақсаттарына жету үшін,  екінші жақтың  шамамен 8-шақты балдары  келгендігін,  сол кездеөздері бірінші болып, яғниМаксутов Құаныштың жақтастары,  Серікбай Жасұландармен келген  достарына  қарай бірден үдере  жүгіріп,  айқайлап боқтап  оларды төбелеске арандату үшін  тас, шиша лақтырып «бұзақылық» сипаттағы әрекеттерді  жасаған. Сол кезде Ш.Т.Тұрғанбек  өзіммен бірге алып келген (Е.Ж.Қасым оны  мүлдем білмеген)  «шолақ» мылтығын  алып аспанға атқанын, олар,  яғниМаксутов Құаныштың жақтастары,   мылтық атылғанына да қарамастан,  одан ары тоқтамастан қарсы  топқа жүгірген кездерінде Е.Ж.Қасым  өзінің өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында және Максутов Құаныштың қасында еріп келген балдарды «қорқыту» үшін,   соларға бағыттап бір рет мылтық атқанын, кір сабынмен және  қартонмен тығындалған атылған оқ,  Қ.М.Максутовка тиіп, ол құлағанын»- айтып көрсетті. (Үкімнің 7-беті).

2.  Басты сот талқылауында, сотта сұралған жәбірленуші Қ.М.Максутовтың жақтас достары  Қ.Шораев, А.Орынбасар, Б.Курганов, Б.Елтембай, Н.Тузелбаев, Т.Марха жоғарыда сотта жауап берген  жалпы 11 куә,   куә Ж.Д.Кенжебековтың жауабына мазмундас жауаптар берді.

Бірінші және апелляциялық сатыдағы сот,   жәбірленуші ---Максутов Құаныштың достары Орынбасар Асхат, Кенжебеков Жәнібек ,  Елтанбай Бақдаулет, Курғанов Бекзат, Сүлеймен Абылайхан,  Жақып Марат,  Түзелбаев  Нұрдаулет, Шораев Қарасай,  Тоғайбай Бексултан,  Марха Талғат және «Нұрбек» есімді азаматтармен алдын-ала сөз байласып, қылмыстық топ құрып сол күні кешкі 21:30 «Ақ тілек» тойханасының қарсы бетінде орналасқан қоршалған бос жерге «разборкаға» келгендігін, Серікбай Жасұланның достарын оның ішінде Е.Ж.Қасымдарды түнгі сағат 00:15-ке дейін не себепті  күтіп отырған секілді іс-әрекеттеріне  сот тиісті бағасын бермеді. Олардың жасаған «арандатушылық» іс-әрекеттеріне,  сот тұжырымын жасамады, заңды құқықтық бағасын бермеді.

  Ен бастысы, бірінші және апелляциялық сот сатысы қылмыстың неден шыққандығын, оның туындау себеп салдарын  анықтамады,  егер де сот  дәл осы, жәбірленуші Қ.М.Максутовтың  «бұзақылық» тобы ,  адал бейнетімен нәпақа тауып «мойкада»  жұрттың автокөліктерін жуып, ақша тауып жүрген Серікбай Жасұланды ұрып соқпағанда, оның ар-намысына,  ар-ожданына  тиерлік бейәдеп сөздермен қорлап,  боқтамағанда,  түнде өздері болып «разборкаға» шығып, түннің бір уағына дейін Серікбай Жасұлан мен Е.Ж.Қасымдардың балдарын күтіп, оларға  қарсы жүгіріп тас, шиша лақтырып арандатпағанда,  ешқандай қылмыс орын алмас та еді.

Қылмыс жасауға қасақана итермелеген жәбірленуші Қ.М.Максутовтың  ұйымдастыруымен құрылған «бұзақылық тобы»  арандатушы, яғни қылмыс жасауға себепкер болғаны анық екені көрініп тұрса да,  бірінші және екінші сатыдағы сот,  қылмыстық  істі  одан ары біржақты қарап, іске тіркелген дәлелді құжатарға назар аудармастан,  сотта жауап берген куәлардың жауаптарына заңды құқықтық бағасын берместен сот актілерін шығарды.      Жәбірленуші Қ.М.Максутов пен досы  куә болып өткен Кенжебеков   Жәнібектермен бірге келген «ұр да жық» достарының  іс-әрекеттерінің қаншалықты заңды екендігіне, олардың іс-әрекеттері арандатуы,   Е.Ж.Қасымның қылмыс жасауына  түрткі болғандығына назар аудармады,  екі жақтың (топтын) іс-әрекеттеріне тиісті құқықтық бағасын бермеді.   Бірінші сатыдағы сот және апелляциялық алқасының соты  бар кінәні, тек қана екінші «топ», яғни Серікбай Жасұланның балдарына артып қойып, оның ішінде 18-жасқа енді толған Е.Ж.Қасым және Т.Тұрғанбектер ғана кінәлі болған деп тұжырымын жасап, сол қылмыстың неден орын алғаны, оның  туындау себеп-салдарын, кімнін кінәлілігі басым болғандығын анықтамады және оған тиісті  құқықтық баға берместен  әділетсіз, негізсіз  сот  актілерін шығарды.

 

«Адамның өмірі мен денсаулығына қарсы кейбір қылмыстық құқық бұзушылықтарды саралау туралы» ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 жылғы  № 8 нормативтік қаулысының  1-бөлігінде: «Өмір мен денсаулыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер жөніндегі қылмыстық құқық бұзушылықтарды саралау және тиісінше, оларды жасаған адамдарға әділ жаза тағайындау кезінде,  қылмыстық заңды дұрыс қолдануды қамтамасыз ету үшін кінә нысанын, ниетінің түрін, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудың мәні мен мақсатын, тәсілін, жағдайы мен сатысын, келтірілген зардаптардың ауырлығын анықтау қажет. Қылмыстық процесті жүргізетін органдар іс жүргізу құжаттарында (айыптау актісінде, үкімде) өз тұжырымдарын жол берілетін, қатысты және анық дәлелдемелерді келтіре отырып негіздеулері тиіс»-делінген. 

  Алайда бірінші сатылы сот және апелляциялық сот алқасының судьялары Жоғарғы Сотының бұл нормативтік Қаулысында көрсетілген заң талаптарын бірде-біреуін дәлме-дәл сақтамады.     

«Адамның өмірі мен денсаулығына қарсы кейбір қылмыстық құқық бұзушылықтарды саралау туралы» ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 жылғы  № 8 нормативтік қаулысының  4-бөлігінде:     -«Адамның өмірі мен денсаулығына қарсы аяқталған қылмыс тікелей де, жанама қасақаналықпен де жасалуы мүмкін, ал оларды жасауға оқталғандық субъективтік жағынан тек тікелей қасақаналық болып сипатталады. Сондықтан қылмыстық құқық бұзушылық жасау сатысын айқындаумен қатар кінә нысанын да ескеру, кінәлінің ниеті неге бағытталғанын, қылмыстық құқық бұзушылық нәтижесінде қандай зардап туындағанын және нақ осындай нәтиженің туындауына кінәлінің субъективті қатысын анықтау және белгілеу керек. Егер қылмыстық құқық бұзушылық оны аяқтағанға дейін үзілген болса, онда кінәлі өз әрекеттерін не себепті тоқтатқанын, бұл оның еркіне тәуелді болған-болмағанын, бұл ретте қылмыстық құқық бұзушылықты жалғастыруға оның нақты мүмкіндігі болған-болмағанын, қоғамға қауіпті зардаптың туындауына қандай мән-жайлардан кедергі болғанын анықтау қажет»-делінген.  Алайда бірінші сатылы сот және апелляциялық сот алқасының судьялары Жоғарғы Сотының бұл нормативтік Қаулысында көрсетілген заң талаптарын бірде-біреуіне пысқырмады да.  

  Бәрінен де сорақысы, сот Үкімінің 7-бетінде, судья С.О.Темірәлиев: -«Жәбірленуші Қ.М.Максутовтың басына «операция» жасау барысында  1 дана «оқтың басы» айғақ зат ретінде мейірбике Ж.Ахметовамен алынған» -деп істің 1-бумасы 19-бетке сілтеме жасаған.

Алайда, білікті судья С.О.Темірәлиев «көпе көрінеу шындыққа жанаспайтын жалған »  мәліметті айыптау Үкіміне қасақана енгіздіріп,  сотталушы  Е.Ж.Қасымның  процессуалдық жағдайын ауырлататын мән-жайға әкеліп соқтыратын  сот тұжырымын жасап, Үкім шығару барысында осы мән-жайды негізге алып,  сотталушы Е.Ж.Қасымның жазасын негізсіз ауырлатып жіберген. Апелляциялық сот алқасы ол қателіктерді жоймаған.

Құдай қаласа, Жоғарғы соттың судьялары осы істі дұрыс шешетің  манызы бар фактіге назар аудрады деген ойдамыз. Қанша дегенмен, кассациялық сот алқасында  білікті судьялар ол жерде бекерге отырмаған  шығар?

Енді, бірінші сатыдағы сот Үкіміндегі тұжырымдарымен қылмыстық іске   тіркелген құжаттардың арасындағы қарама-қайшылықтарына тоқталып өтейік.  Өйткені, бұның өзі бірінші және апелляциялық сатылы соттың шығарған сот актілерін күшін жоюға немесе өзгертуге әкеліп соқтыратын мән-жайлардың бірі боып табылады.

   а) Біріншіден, мейірбике Ж.Ахметоважоғарғы санаттағы нейрохирург маманы  емес, оның Қ.М.Максутовтың басынан  «операция жасау барысында» 1-дана оқ алуға ешқандай құқығы да, біліктілігі де жетпейтінің сот жақсы білген. Алайда, ол сот осы мән-жайларға сүйеніп Үкім шығарды.

  б)  Екіншіден, «Алу Хаттамасы» 21.07.2016 жылысағат 03:40, яғни оқиға орын алған күні, Сарыағаш АПБ анықтаушысы Н.Кулбаевпен жасалынған. Ал, жәбірленуші  Қ.М.Максутовқа қатысты  17.08.2016 жылы тағайындалған сот сараптамасының № 749 санды (3-том.  17-19 бет) Қорытындысына сәйкес: «Протокол операции» деген бөлігінде:  «операция» 21.07.2016 жылы сағат 05:20 минутөткенде басталыпжарақат терендігі 3,0 см. орнынан  сынған самай-бас сүйектері  алынып  (оқ емес екен), жуып шайылып, жарақат тігілді,   операцияға қатысқан  Нейрохирург К.Тагайбекулы, ассистенті  Д.Р.Ирназаров, анестиозолог Е.Ибрагимов »   (3-том 19-бет) деген сөздер  жазылған.  Ал соттың Үкімінде жазылғандай –«Жәбірленуші Қ.Мақсұтовтың басынан  алынған 1-дана оқ туралы және сол оқты алған  мейірбике Ж.Ахметова  туралы сөздер»- сот-медициналық № 749 санды  сараптама Қорытындысында  мүлдем  жоқ.

Бірақ та,  судья С.О.Темірәлиев жәбірленуші Қ.М.Максутовқа «операция» жасамай тұрып,   21.07.2016 жылы сағат 03:40 Қ.М.Максутовтың  «басынан алынбаған»  1-дана оқты қайдан тауып алып  отыр? Сондай-ақ,  сот Үкіміне ұялмастан қалайша оны енгізіп, қалайша соған сүйеніп айыптау Үкімін шығарып отыр???

Егер, логикаға сүйеніп көрейікші. 

Жәбірленуші Қ.М.Максутовтың басына «САБЫНБЕН» толтырылып картон қағазбен  нығыздалған «контейнердегі» картон  тиіп жарақат салмағанда, 2 метр қашықтықтан 16 калибрлі  «обрезден» қорғасын бытырамен  нығыздалған оқпен   Қ.М.Максутовтың  басына атқан кезде, оның басында көлемі 3 см. емес,  үлкендігі шелектей ЖАРЫҚ –ТЕСІК орын алып, Қ.Максутов сол жерде ақ,  тіл тартпай О ДҮНИЕГЕ аттанып кетер еді ғой?!

Алайда, бірінші және екінші сатылы сот,  сотталушы  Е.Ж.Қасымның мылтығыннаң атылған гильзада (оқта)  қорғасыннан жасалынған  бытыралар  болмағандығын,  оған  операция жасаған хирургтар жәбірленуші Қ.Максутовтың басынан қорғасыннан жасалынған «оқ» алмағандығы туралы медициналық картасының жазбасы басты дәлел болып табылатының және егер анық гильзада оқ,  қорғасыннаң жасалынған бытыралармен атылғанда Қ.Максутов неліктен  тірі қалғандығын анықтамастан, мейірбике Ж.Ахметованың жауабына күмәнмен қарамады.

в) Үшіншіден, осы айтылған мән-жайларға  дәлелі ретінде, қылмыстық іске тігілген СОТ БАЛЛИСТИКАЛЫҚ № 2892 санды САРАПТАМА ҚОРЫТЫНДЫСЫНА (2-том 104-109 беттері)  назар  аударайық. 

Сарыағаш АПБ-нің тергеушісі Ш.С.Рахматіллә сарапшыға 2 сұрақ қойып тұр: «Жәбірленуші Қ.М.Максутовтың «басынан алынған» 1-дана пластмассадан  жасалынған  зат атыс қаруының оқ дәрілерінің құрамы болып табылады ма?  Егер де оқ дәріге жататын болса,  ол қандай атыс қаруынан атылғандығын және калибрін анықтау мүмкін бе?-деп, Қ.М.Максутовтың басынан алынған пластмастан жасалынған «зат»  атыс қаруының оғы болып табылады ма деп, алынған заттың «оқ» екендігіне өзі болып  күмәнмен қарап, тергеуші Ш.С.Рахматіллә сарапшы маманнан Қ.Максутовтың басынан алынған «НЕ ЗАТ» екендігін анықтағысы  келгені анық байқалады.

г)  Енді,  тергеуші Ш.С.Рахматілләнің сұрағына сарапшы маман Ж.Қ.Рахымбаевтың  №2892 санды Қорытындысынының ТҰЖЫРЫМЫНДА не жауап бергендігін оқып көрелік: -«Сараптамаға ұсынылған 1 дана пластмассадан жасалған «ЗАТ»  ол,  16-калибрлі атыс қаруына арналған оқ-дәрі-патрондары құрамдас бөлігі-зауыттық тәсілмен жасалынған «ТЫҒЫН-КОНТЕЙНЕР»болып табылады»-делінген.

Сонда   судья С.О.Темірәлиевке «ТЫҒЫНДЫ», «оқ» деп, нақтылап  кесіп айтуына қандай күш итермеледі ЕКЕН???    

Бұл жерде,  бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар ҚР ҚПК-нің 19-бабының заңдылық талаптарын дәлме-дәл сақтамаған деуіге толық негіз бар.   Күдіктінің айыпталушының, сотталушының кінәлілігі СЕЙІЛМЕГЕН   КҮМӘН   сотталушының пайдасына түсіндіріледі. Қылмыстық және қылмыстық процестік заңдарды қолдану кезінде ТУЫНДАҒАН   КҮМӘНДАР да сотталушының пайдасына шешілуі тиіс.

Ал, бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар Е.Ж.Қасымның  екі метр жақындықтан  қақ самайына атылған мылтықтың оғынан  жәбірленуші Қ.М.Максутов не себепті өлмей қалғандығына назар аудармады, және  оған тиісті түрде құқықтық бағасын берместен, негізсіз айыптау  сот актілерін шығарды.

Менің інім Е.Ж.Қасым бірінші және апелляциялық сотта: -«Мен, Қ.М.Максутовты  өлтіруге оқталғаным жоқ.  Егер менің ойымда Қ.М.Максутовты қасақана өлтіру ойым, немесе пиғылым болған кезде, мен  қорғасыннан жасалынған бытыра (дробь) оқтарды гильзадан  төгіп тастамас  едім. Менің  бар ойым,  тек қана өзімнің өмірім мен денсаулығымды  қорғау мақсатында және Жәнібек Кенжебеков пен Қ.М.Максутовтардың тобындағы 11 шақты балдарды қорқыту үшін, гильзадағы бытыраларды төгіп тастап,  орнына кір сабын салып, қартонмен тығындап, яғни сарапшы маманның тілімен айтар болсақ «тығын-контейнермен»  нығыздап, сабыннан жасалынған оқтан ешкім өлмейтіндігіне  нық сеніммен, бізге қарай тас, шиша (бөтелке) лақтырып жүгіріп келе жатқан адамдарға қарай атқанымда,  ол оқ Қ.М.Максутовтың басына тигенін кейін білдім. Тіпті менің мылтық атқанымды ешкім  көрген де, білген де жоқ.  Тергеуші Ш.Рахматіллә  алғашқы тергеу жүргізген кезде  «шолақ мылтықты» өзіммен алып жүріп, оқиға орнында атқан менің досым Ш.Тұрғанбекті ғана іздеді,  мен ол кезде  куә ретінде қатысып жүрдім. Кейіннен қарасам досым Ш.Тұрғанбек сотталып кететінің біліп,  менің арым жібермей,  тергеуші Ш.Рахматілләға бар шындықты айтып Қ.Максутовты мен аттым, деп кінәмді толық мойындап, шынайы өкініп жауап бергенен соң ғана мені күдікті ретінде таныды. Анық Қ.Максутовты қасақаналықпен өлтіру ойым немесе пиғылым болса, мен адамдарға қаратып қорғасын бытыра салынған оқпен  ақ атар едім ғой.  Мен Қ.Мақсұтовты  өлтіретін болсам, оқиға орнынан өз еркіммен кетіп қалмай,  істі аяғына дейін жеткізуге толық мүмкіндігім болды»-деп, сотта шырылдап тұрып айтты. Бірақ інімнің зарлап тұрып айтқан сөздеріне, «тасжүрек» болып қалған «супер-парақор» судья Әшірбек Рахымбаев та, қаншама жылдан бері сотта қызмет етіп білікті судья атанған, апелляциялық  алқасынан  итше «құылған»  төрағасы Зияниддин Пірнияз да,  ол кезде әлі  «малғұн», «төбет», «козел»  болып атанбаған алқа судьясы Т.Онгарбаевтар мүлдем  назар аударғысы  келмеді. Інімнің сотта шырылдап тұрып айтқан сөздерін құлақтарына да қыстырғысы  да келмеді.   Қылмыс жасадын ба болды, «ТЫ ВИНОВАТ» дегендей ишарат білдіріп, оны адам орнына да көрмеді.

Болмаса,    екі метр жақындықтан қорғасын бытыралармен толтырылған  оқпен атылған  болса, онда адамның басының  бас сүйегінен дым қалмай шашылып кететіні, баллистикалық  сарапшы  мамандар түгілі, қанша адамның тағдырын  неше жылдан бері шешіп жүрген қарапайым соттар да біледі  емес пе???

Жоғарғы соттың және бір нормативтік Қаулысына назар аударсақ.

«Адамның өмірі мен денсаулығына қарсы кейбір қылмыстық құқық бұзушылықтарды саралау туралы» ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018  жылғы  № 8 нормативтік қаулысының  4-бөлігінде:     «Адамның өмірі мен денсаулығына қарсы аяқталған қылмыс тікелей де, жанама қасақаналықпен де жасалуы мүмкін, ал оларды жасауға оқталғандық субъективтік жағынан тек тікелей қасақаналық болып сипатталады. Сондықтан қылмыстық құқық бұзушылық жасау сатысын айқындаумен қатар кінә нысанын да ескеру, кінәлінің ниеті неге бағытталғанын, қылмыстық құқық бұзушылық нәтижесінде қандай зардап туындағанын және нақ осындай нәтиженің туындауына кінәлінің субъективті қатысын анықтау және белгілеу керек. Егер қылмыстық құқық бұзушылық оны аяқтағанға дейін үзілген болса, онда кінәлі өз әрекеттерін не себепті тоқтатқанын, бұл оның еркіне тәуелді болған-болмағанын, бұл ретте қылмыстық құқық бұзушылықты жалғастыруға оның нақты мүмкіндігі болған-болмағанын, қоғамға қауіпті зардаптың туындауына қандай мән-жайлардан кедергі болғанын анықтау қажет»-делінген. Алайда бірінші сатылы сот және апелляциялық сот алқасының судьялары Жоғарғы Сотының бұл нормативтік Қаулысында көрсетілген заң талаптарын бірде-біреуіне пысқырмады да.  

   Сот Үкімінің 8-бетінде, судья С.О.Темірәлиев, 17.08.2016 жылғы сот медициналық  № 749 санды сараптама Қорытындысына сүйеніп: -«...өмірге қауіпті белгісі бойынша, денсаулыққа ауыр зиян келтірілген жарақаттар қатарына жатады, бұл жарақаттар оған «БЫТЫРАМЕН ОҚТАЛҒАН ОҚ ҚАРУДАН» атылған оқ бытыраларының әсерінен пайда болғаны бекітілген (іс беттері 17-21, том 3)»-деп, КЕСІМДІ СӨЗДЕРМЕН  ТҰЖЫРЫМ ЖАСАП,  өз Үкіміндегі сөздермен, қылмыстық іс материалдарында жинақталған дәлелдемелермен  (баллистикалық сот сараптама қорытындысына қарсы)сәйкес келмей отырғандығына апелляциялық сот алқасы мән берместен, бірінші сатылы соттың жіберген кемшіліктерін түземестен,  істегі дәлелді құжаттар мен сот Үкіміндегі сәйкессіздіктерді жоймастан, бірінші сатылы соттың шығарған заңсыз әрі негізсіз сот Үкімін күшінде қалдырды.  Осы ма ӘДІЛДІК? Кәне соттағы   ЗАҢДЫЛЫҚ?

   Қылмыстық іс материалының, яғни 2-том, 104-109 беттерінде  тіркелген ресми құжаттар, судья С.О.Темірәлиевтің  Үкіміндегі бұл тұжырымдарын  толық теріске шығарып отыр деп санаймын. 

СОТ БАЛЛИСТИКАЛЫҚ № 2892 санды САРАПТАМА ҚОРЫТЫНДЫСЫНДА ( іс беттері  104-109, том 2 «Қ.М.Максутовтың бас сүйегінен алынып, сараптамаға ұсынылған 1 дана пластмассадан жасалынған зат «тығын-контейнер»болып табылады»-делінген.

  Ал, сот Үкіміндегідей  «...бұл  жарақаттар оған «БЫТЫРАМЕН ОҚТАЛҒАН ОҚ ҚАРУДАН» атылған оқ бытыраларының әсерінен пайда болғаны бекітілген (іс беттері 17-21, том 3)»-деген сөздерді жазған.

Бірақ та,  17.08.2016 жылғы сот медициналық  № 749 санды сараптама Қорытындысына «бұл  жарақаттар оған «БЫТЫРАМЕН ОҚТАЛҒАН ОҚ ҚАРУДАН» атылған оқ бытыраларының әсерінен пайда болғаны бекітілген» деген сөздер  мүлдем жазылмаған!!!

 Сот Үкіміндегі келіспейтін тұстар, ол –«сотталушы Е.Қасым адам өлтіруге оқталған ниетін  соңына дейін асыруға өзіне қарсы   тас алып жүгірген балдар кедергі келтірді»-деп жазғаны.   Бұл соттың ойдан, қиялдап отырып  шығарып алған тұжырымы деуге толық айтуға негіз бар.  Өйткені, Е.Ж.Қасым өзінің қасақана кісі өлтіруге бағытталған ниеті бар болған кезде, онда оның соңына дейін асыруға толық мүмкіндігі болды. Өйткені, оның қолынан ешкім мылтығын тартып алған жоқ,  оқиға орнында Е.Қасымды ешкім ұрып құлатқан жоқ, оның іс-әрекетін ақырына дейін асыруға оған ешкім кедергі келтірген  жоқ, сабынмен оқталған оқтың әсерінен ешкім қаза болмайтынына көзі жетіп атқандығы,  жәбірленуші Қ.Мақсұтов оқиға орнында құлаған кезде қасындағы  достарының бәрі қорқып қашып кеткен. Ал, інім Е.Қасым оқиға орнынан өзі кетіп қалған.  Құлап жатқан Қ.Максутовтың жанына тек қана жан досы Ж.Кенжебеков барған, оны сотта куә Ж.Кенжебековтың өзі айтып берген.(іс беті 34-37 бума-1)

 Менің інім Е.Ж.Қасымның тергеумен анықталмаған атыс қаруы (шолақ мылтық) қандай оқ дәрісімен оқталып, қандай оқпен атқандығы сейілмеген күмән күйінде қалып қойған.  Оны сот тергеуі де оны анықтаған жоқ.

Оған дәлел,   Сарыағаш аудандық ауруханасының мейірбикесі куә  Ж.Ахметова «Қ.Максутовтың басынан  «1 дана оқ алдық» деп жауап берсе,  ал  сарапшы мамандардың  берген қорытындысында   «Қ.Максутовтың басынан  «1 дана  алынған  пластмассадан жасалынған тығын-контейнер» екені анықталды»-деп бірінің жауабы екіншісінің  жауаптарына  сәйкес келмейді.  Бірақ та сот «бытырамен оқталған оқпен атып, жәбірленуші Қ.Мақсұтовты жарақат етті» деп, істегі жоқ дәлелдемеге сүйеніп тұжырым жасайды. Бұл не масқара, сонда? Сот,  тек қана  дәлелдеме ретінде  танылып іске тіркелген және  заңды жолмен алынған дәлелдемелерге ған сүйеніп Үкім шығаруы тиіс.  Сот  өз баста

0 пікір