Сыбайлас жемқорлық - ел дамуына елеулі қатер!
Сыбайлас жемқорлық - ел дамуына елеулі қатер!
04.07.2024 13:46
45
0

   

 

Сыбайлас жемқорлық - қоғамға үлкен зиян келтіреді, мемлекеттік биліктің негіздеріне қол сұғады, мемлекеттік қызметтің тиімділігін төмендетеді және олардың беделіне нұқсан келтіреді, тұтастай алғанда елдің экономикалық дамуын қиындатады. Демократиялық институттар мен құндылықтарды, әділеттілік пен қоғамдық міндет ұғымдарын бұза отырып, сыбайлас жемқорлық мемлекеттің тұрақты дамуы мен құқықтық тәртібіне нұқсан келтіреді. Сыбайлас жемқорлық азаматтардың құқықтық санасын деформациялайды, оларда лауазымды адамдарға пара беру арқылы жеке және ұжымдық мүдделерді қанағаттандыру мүмкіндігі туралы түсінік қалыптастырады. Сыбайлас жемқорлық - азаматтар, қоғам және мемлекет үшін ең қауіпті құбылыстардың бірі бола отырып, терең тарихи және психологиялық тамыры бар.

Сыбайлас жемқорлық- бұл бірінші кезекте жүйе, егер сіз пара берсеңіз немесе алсаңыз, материалдық немесе материалдық емес пайда алу мақсатында өзіңіздің немесе басқа біреудің лауазымдық жағдайын заңсыз пайдалануға қатыссаңыз - сіз сыбайлас жемқорлық жүйесінің бір бөлігі боласыз және құқыққа қарсы қызмет үшін жеке заңды жауапкершілікке тартыласыз. Сонымен қатар, сіз кез-келген сыбайлас жемқорлыққа көз жұмсаңыз да, моральдық жауапкершілікке ие боласыз — бұл олардың одан әрі таралуына ықпал етеді. Өкінішке орай, сыбайлас жемқорлық көптеген адамдардың санасында әдеттегідей жағдай болып қалыптасқан. Оған дәлел, сыбайлас жемқорлықтың түрлі салаларда көрініс табуы.

 Сыбайлас жемқорлықтың себептері көп. Олардың қатарында заңнаманың жетілмегендігі, түсінуге қиын көптеген заңға тәуелді актілердің болуы, азаматтардың құқықтық мәдениетінің төмендігі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесіне сенімсіздіктен туындаған олардың пассивтілігі, заңды ұстануға уәждеменің болмауы бар.

2023 жылғы 1 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» Жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға барлық бағыттар бойынша жаңа серпін беру қажеттігін атап өтті. Осы орайда,  аудан аумағында азаматтарға құқықтық көмек көрсету мақсатында  «Халық заңгері» республикалық акциясы тұрақты  өткізілуде.  

Ауылдық округтерде, мемлекеттік мекемелерде, мектеп және халық көп жиналатын орындарда ақпараттық-насихаттық 1000 парақша таратылдыып, 50 жарнамалық орындарға, 15 мемлекеттік мекемелерге ілінді.

Төлеби ауданы бойынша ауылдық округтерде және халыққа қызмет көрсету орталығында «Пара беру бостандықтан айырады және бұлыңғыр болашақ», «Өз елінің патриоты жемқорлыққа жол бермейді!», «Оңай олжа оңалтпас», «Егер сіз жемқорлыққа тап болсаңыз 1424 телефонына хабарласыңыз?» сынды тақырыптарда 16 билборд орнатылған.

Халықты сыбайлас жемқорлықтан алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы кеңінен хабардар ету мақсатында ақпараттар  аудандық газеттерде, «Facebook» әлеуметтік желісінің парақшасында және «Төлеби ауданы әкімдігінің» ресми сайтында тұрақты жарияланады.            

Біздің әрқайсымыз заңды басшылыққа ала отырып, өмір сүруге және жұмыс істеуге міндеттіміз және осылайша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жалпы ісіне өз үлесімізді қосамыз. Азамат өз құқықтарын нақты білуі, оларды қорғай білуі, берік моральдық ұстанымға ие болуы, жеке, қоғамдық және кәсіби өмірде сыбайлас жемқорлық әдістерін қолдануға жол бермеуі қажет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс — қимылда азаматтардың құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасын арттыру басты маңызға ие - бұл жағдайда ғана мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат табысты болары анық.

Т.ТЕЛҒАРАЕВ;  Төлеби ауданының әкімі

 

0 пікір