СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС-БҮГІНГІ КҮН ТАЛАБЫ
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС-БҮГІНГІ КҮН ТАЛАБЫ
28.05.2024 02:22
28
0

Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлықпен күресу өркениетті елдердің барлығында өзекті мәселеге айналып отыр. Бұл әлеуметтік құбылысты болдырмау мен оның алдын алу Қазақстан үшін де өте маңызды. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңында мемлекеттік қызметкерлердің, лауазымды тұлғалардың міндеттері мен жауапкершіліктері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қадамдарын жасағанда қандай жаза алатындары жайлы тайға таңба басқандай етіп жазылған. Аталмыш заң еліміздің барлық аумағында жеке және заңды тұлғаларға қатысты қолданылады. Ендеше, бәріміз де заң алдында тең екендігімізді түсінуіміз тиіс. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Жемқорлық – індет, онымен күресу – қағидатын баршаның санасына сіңіру бүкіл мемлекеттік органның ортақ жұмысы болуға тиіс» дей келе, еліміздің өсіп-өркендеуі жолындағы бірден-бір кедергі – сыбайлас жемқорлық екенін алға тартып, онымен күресу әрекеттерін қатаңдатуды тапсырған болатын.

Айта-айта жағымыз талып, жаза-жаза жауыр болған түйткілді тақырып - сыбайлас жемқорлықпен күресу жолында қызмет ететін Түркістан қаласы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Сыбайлас жемқорлықты болдырмау бағытындағы бұйрығымен бекітілген арнайы іс-шаралар жоспарына сай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша мекемеде жиналыстар ұдайы өткізіліп тұрады. Жемқорлық жасаған жағдайда жүктелетін жауапкершіліктер жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Парақорлық дертімен пәрменді күрес жөніндегі заңдылықтарды оқып-үйрену, олардың тиянақты орындалуын назарға алу, жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне дер кезінде жіті көңіл бөлу, атқарушылық құжаттарды орындау барысында қолданыстағы заңнаманы қатаң сақтау, белгіленген нақты жоспарды орындау мәселелері басты жолға қойылады.  Т.Қыдырбаевқа сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан жер қатынастары бөлімі болғандықтан сол бөлімінің маманымен кездесу өткізді.

Кездесуде пара алуға және пара беруге қарсы тұрып, адал қызмет етуге үндеп, қазіргі парақорлыққа көрілетін жазаның күшейтілгенін заң аясында кеңінен түсіндірді. Парақорлық — мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, ұлтымыздың қауіпсіздігіне, еліміздің халқаралық беделіне, азаматтардың конституциялық құқықтарына, өңіріміздің дамуына елеулі нұқсан келтіретін қауіпті құбылыс. Сондықтан, «Жемқорлық – індет, жою-міндет»ұранымен кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесу үшін қоғам болып белсенділік танытып, оның таралу жолдарын кесіп, ұлғаюына жол бермеуіміз қажет. Сыбайлас жемқорлықпен күресу елі­міздің бүгінгі күнгі күрделі мәселелерінің бірі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасі­рет болып табылатын ол саяси даму тұрғы­сынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі бар­лық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны айқын.

                Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністерінің туындауына жол жоқ. Айта кетейік, бұл індетке тойтарыс беру – өз кезегінде еліміздің әрбір азаматының азаматтық борыш болып саналады. Сондықтан да билік пен бұқара арасындағы сенімді сетінететін бұл қауіпті құбылысты жеңуде бәрімізге де жоғары жауапкершілік жүктеледі.

         ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізуде мемлекет пен азаматтық қоғам өзара іс-қимыл жасап, алдын алу шараларын және азаматтардың құқығын, бостандығы мен заңды мүддесін қорғау басымдығын іске асыруды, ең алдымен, мемлекеттік қызметшілер және әрбір Қазақстан азаматы өзінен бастауы тиіс.

Жалпы алғанда, сыбайлас жемқорлық – ұлттық қауіпсіздігімізге, әрбір отбасының әл-ауқатына, ұрпағымыздың жарқын болашағына және еліміздің дамуына қауіп төндірмес үшін қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруда белсенді болуымыз қажет.

0 пікір