Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және оффшордағы қаражаттарды қайтару
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және оффшордағы  қаражаттарды  қайтару
14.12.2020 11:09
514
0

  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы және оффшорға шығарылған миллиардттарды елге қайтару – «Ақ жол» демократиялық партиясының приоритеттерінің бірі.

  Біз парламенттік мінбеден  Үкіметпен Бас прокурордан офшорға кеткен капиталдардың Кипр (2013 жылы), Швейцария (2015 жылы), «Панама тізімі» (2016 жылы) және «Жұмақ досьеден» (2017 жылы) қайтаруды талай рет талап еттік.

  «Ақ жол» демократиялық партиясының депутаттары еліміздің мемлекеттік органдармен ғана емес, сондай-ақ Брюссель, Цюрих, Пекин, Рига, Лондон, Сингапур және тағы басқа Еуропарламенті елдерінің мүшелерімен және өзге де елдердегі әріптестермен өткен кездесулерде ел игілігін  оффшордан қайтару тақырыбын талқылады.

  Егер бұрын жосықсыз шенеуніктер кірістерін жасырып, түсініксіз әрекет қылуға тырысса, енді олардың жақын туыстары, керісінше, қайдан түскені белгісіз байлықты халықтан ұялмай көрсетеді.

  Кәсіпкерлердің басым көпшілігі жемқор орта шенеуніктер сияқты мысалы, сәнді автомобильдер мен африкалық қара ағаштан жасалған жиһаздар алу сынды әдеттен тыс шығындарға қол жеткізе алмайды. Халықаралық сарапшылардың бағалаулары бойынша, тәуелсіздік жылдары заңсыз 160 миллиард АҚШ долларынан астам қаражат елден сыртқа шығарылды. Бұл сома Қазақстанның сыртқы қарызының сомасымен пара-пар.

  Ал біреулер жұмыс таба алмай жүргенде, осыншама қаражат айналымнан шығарылып, мақсатына сай жұмсалмайды.

  Егер жан басына шаққандағы ЖІӨ деңгейі бойынша Қазақстан баяғыда Шығыс Еуропа елдеріне жақындағанымен қатардағы қазақстандықтардың өмір сүру деңгейі еуропалықтардан едәуір төмен. Себебі олардан жылдық ЖІӨ ұрланып, оффшорға шығарылды. Міне, әрбір қазақстандықтың табысы да, өмір сүру деңгейі де оффшорға кетті.  Оларды басқа  біреулер  пайдаланады.

  Мемлекет сыбайлас жемқорлыққа қарсы қатаң күрес жүргізіп келеді. Оның ішінде қоғам мүшелері мен біздің партияның талаптарын да жоққа шығаруға болмайды. ҚР Заңнамаларына қажетті өзгерістер енгізіліп, қаржылық ашықтықты қамтамасыз ету және заңсыз жолмен алынған ақшаны жылыстатуға қарсы іс-қимыл жөніндегі Федералдық Қаржы мониторингі қызметінің (FATF) қағидаттары енгізілуде. Олар жыл сайын ірі компаниялардың мемлекеттік сатып алулар кезінде бопсалаушыларды тұзаққа түсіріп, жоғары лауазымды шенеуніктерді қамауда. Қашып кеткен жемқорлар мен олардың ұрлаған қаражатын қайтару жөніндегі жұмыстарды жүргізуде.

  Мемлекеттік органдардың жұмысы, оның ішінде мемлекеттік бюджеттің жұмсалуы бұрынғыдай жабық ақпарат күйінде қала беретін болса, азаматтардың мемлекетке деген сенімі бұрынғыдан да төмендей береді, онда бұл күрес ешқашан толық тиімді болмайды, нәтижесін бермейді.

  Грузия тәжірибесі көрсетіп отырғандай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы басты құрал – шенеуніктердің халық алдындағы есептілігі.

● Түзету мекемелері жүйесінде жазасын өтеп жатқан жемқор шенеуніктерді шартты түрде мерзімінен бұрын босатуғазаңнамалық түрде тыйым салу қажет деп санаймыз. Бұл ұсынысты «Ақ жол» депутаттары 2019 жылы енгізді, бірақ Үкімет пен Бас прокуратура оны қолдамады.

● Сонымен қатар, біз тіпті жазасын өтегеннен кейін де сыбайлас жемқорлардың емін-еркін жүруі, шетелге шығуы мен меншікті басқару құқықтарын шектеуді ұсынамыз. Бұл шара олардың жасырған ақшасына қашып кетпей, капиталды Қазақстанға қайтару үшін қажет. Ондай жемқорлар өз еліне инвестиция салып, отаны үшін лайықты қызмет етсін.

● Сотталған жемқорларды республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарында тұруға тыйым салатын жазаның түрін енгізу керек. Шағын қалаларға, аудан орталықтарына, ауылдарға және барып, онда халыққа лайықты үйлер салсын, жергілікті бизнеске қаражат құйсын және өмір сүру сапасын жақсартуға атсалыссын. Олардын жинаған қорларымен қаражат басқару тәжірбиесі де бар. Сол капиталдар мен  білімдерін өңірлердің дамуына жұмсасын.

● Ашық емес шарттарда шетелде тауарлар мен жабдықтарды сатып алу түрінде мемлекеттік қаражатты ұрлау мен шығарудың жолын кесу, мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларға, сондай-ақ мемлекеттік сатып алулар мен квазимемлекеттік сектордың сатып алулары бойынша келісімшарттарды орындаушыларға шетелдік оффшорлық юрисдикцияларда тіркелген кәсіпорындармен мәмілелер жасауға тыйым салынсын.

«Ақ жол» партиясының депутаттары, мысалға ІІМ жүйесінің оффшорлық компания арқылы құрал-жабдық салып алғаны сияқты талай жайтты әшкереледі. Ол жолы «Ақ жол» фракциясының сауалы арқасында миллиондаған қаржы заңсыздықтары әшкереленген  болатын.

● Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың маңызды құралы биліктің жариялылығы мен оның қоғам алдындағы есептілігі болып табылады. Баспасөздің аузын жабуға болмайды, «Ақ жол» демократиялық партиясы әшкерелеуші жарияланымдар үшін журналистерді қудалауға жол бермей, оларды қорғау жолында қызмет етеді. Біз журналистің мақаласы үшін жала жабу туралы қылмыстық іс қозғауды алып тастап қана қоймай, оны әкімшілік кодекстен шығарып, азаматтық құқықтық қатынастар саласына көшіру қажет деп санаймыз.

● Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тағы бір басымды бағыты – шенеуніктердің оффшорлық аймақтардан халықтан алынған миллиардттаған қаражатты ел игілігіне қайтару болып табылады.

«Ақ жол» фракциясының депутаттары бірнеше рет ресми түрде жемқорлық жолмен Еуропа елдеріне шығарылған қаражатты елімізге қайтару жөнінде Еуропарламентпен бірлескен топ құруды ұсынды.

Бұл жұмысты іс жүзінде асыруды аяғына дейін жеткізу керек, сондай-ақ отандық сыбайлас жемқорлардың басқа елдердегі жасырулы капиталын әшкерелеуді көздейтін барлық елдермен екі жақты топтарды құруға қол жеткізу керек деп санаймыз.

Сыбайлас жемқорлардың «аяғының астында жер өртеніп жатуы» керек және олар қашқанда тығылатын тесік табылмайтын жағдайға жеткізілуі керек.

● «Ақ жол» демократиялық партиясы Үкімет мүшелерінің, әкімдердің, басқа да мемлекеттік органдардың және ұлттық компаниялар мен мемлекеттік кәсіпорындардың басшыларының оффшорлардағы банктік шоттарына қатысты банк құпиясының жойылуын талап ету жұмыстарын жалғастырады.

● Халықаралық тәжірибеге сәйкес біз заңнамаға сыбайлас жемқорлықтың маңызды белгілерінің бірі ретінде «шығу тегі түсініксіз байлық» ұғымын енгізуді ұсынамыз.

  Оффшорлық аймақтарда мүлкі мен ақшасы бар шенеуніктерді олардың байлығының шығу тегін түсіндіруді міндеттеу керек. Түсініктемелер болмаған жағдайда Қазақстан бұл ақшаны тәркілеуге тиіс немесе «түсініксіз байлық» ұғымы қолданыла бастаған жерде орын алуына қарай оны басқа мемлекеттер тәркілеуге тиіс.

  Осы ұсыныстардың барлығын «Ақ жол» демократиялық партиясының депутаттары өткен жылдары Үкімет пен Бас прокурорға бірнеше рет жолдады, бірақ олардан бас тартқан, жалтарған жауаптарды алуға мәжбүр болдық.

  Біз олардың жүзеге асырылуын талап етеміз.

● Грузия тәжірибесіне сәйкес сот және құқық қорғау жүйесін реформалау – демократиялық басқарудың және әділетті мемлекеттің маңызды бөлігі болуы керек.

  Судьяларды халықтың өзі сайлауды енгізу қажет.

  Осыдан ғасыр бұрын «Алаш» қайраткерлері: «Би әділ болмай, жұрт оңбақ емес. Әділ би құдайдан басқа адамнан қорықпаса болады…әділ билік ресімге, заңға сүйенсе орнына келеді», – деп санаған. Судьяның адалдығы мен беделіне кепілдік берілуі керек, қылмыс «серкелермен», қылмыстық немесе сыбайлас жемқорлыққа қатысты сотталған адаммен кез-келген байланысы болған судья не құқық қорғау органдары қызметкері дереу лауазымынан босатылуы керек.

 

Дереккөз:  «Ақ жол» Демократиялық партиясының  ресми сайты

 

 

 

Сұрақ, шағым, арыздар бойынша бізге хабарласыңыз: 
Сілтеме: Адалдық үшін бірге күресетін боламыз!  

  ҰҚСАС ТАҚЫРЫПТАР:

 

 

 

1. Полицейлер бір тәулік ішінде 852 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады
2. Полицейлер есірткінің заңсыз айналымы саласында 51 қылмыс анықтады
3. Сарыағашта істемеген қылмысты қинап мойындататын "оперлерге" бір тоқтам бола ма?
4. Әділет органдары қызметінің мәселелері бойынша заң жобасы талқыланды
5. Қазақстанда Адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасы әзірленді

 

0 пікір