СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ
27.05.2024 02:04
17
0

Сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі күннің күрделі мәселесі болып отыр. Жемқорлық – мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет. Оның тамырына түбегейлі балта шаппайынша, мемлекетте тұрақты өсіп-өркендеу болмайды. Қазір барлық дамыған елдер осы қоғам індетімен күресудің жаңа әдістерін іздеп, табуға тырысуда. Соның ішінде сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін жауапкершілікті арттыратын қатаң заңдар қабылдауда.

Десек те, қоғамның тамырына түскен жегі құртпен күрес әзірге айтарлықтай нәтиже бермей отыр. Осы мақсатта елімізде сыбайлас жемқорлықпен күреске жалпы мемлекеттік саясат мәртебесі берілген. Оны жүзеге асыру бойынша ұйымдастырушылық және құқықтық іс-шаралар жалпы жүйелік және кешенді сипатқа ие болып отыр. Жемқорлық билік еткен қоғамның алға баспайтынын ескерсек, оны кезек күттірмес мәселелер қатарында тез арада реттеуге тиістіміз. Ал бұдан да жақсы жетістікке жету үшін барлығымыз жұмыла бұл дертпен күрескеніміз дұрыс.

 Сыбайлас жемқорлықпен күресу – бұл әрқайсымыздың күш-жігерімізді қажет ететін күрделі, бірақ қажетті процесс. Азаматтар ретінде біз қоғамымыз үшін жауаптымыз және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әділ және гүлденген қоғам құрудың ортақ мақсатымыздың негізгі элементі болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – мемлекетіміздің бірден-бір қолға алған факторларының бірі. Оның алдын алу үшін көптеген іс-шаралар қолданылып, атқарылған жұмыс аз емес.

Сыбайлас жемқорлықсыз қоғамды құруда отбасынан алынатын тәрбиенің маңызы зор. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау қоғамның түрлі салаларын қамтиды, оның ішінде, әсіресе, білім беру мекемелеріне жүктелетін жауапкершілік аса жоғары. Отбасы және білім беру саласы бұл үдеріске мүдделілік таныта отырып қатысуы керек. Бұл жұмысты мектепке дейінгі бала тәрбиесінен бастаған абзал. Бұл бағытта да өңірде ауыз толтырып айтарлықтай шаралар бар. Қала лық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан түрлі байқаулар, акциялар, кездесулер осыған айқын дәлел. Ал, бұл шараларға мектеп оқушылары көптеп қатысып, өздерінің сыбайлас жемқорлық жайлы танымдарын кеңейтіп, онымен күрестің тәсілдерін де өздерінше ойлап табуда. Мәселен,  Түркістан қаласында  «Біздің қоғамдағы салық», «Сыбайлас жемқорлықсыз балалық шақ»,«Кеден бекеттерінің қызметінің маңызы неде?» атты тақырыпта мекеме маңында сурет салу,түрлі ойындар, салық туралы түсіндіріліп жарыс өткізілді.
Байқау соңында әр балаға Түркістан қаласы бойынша МКБ-ның басшысы Ш.Жанбырбаев атынан алғыс хат, балаларға сыйлықтар үлестірілді!

         Мұндай шаралардың өскелең ұрпақтың жастайынан құқықтық санасы мен мәдениетін қалыптастырып, отансүйгіштік бағыттағы құндылықтар негізінде тәрбиелеуге пайдасы зор. Өйткені, азаматтардың өз құқықтарын жақсы білуі қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуына бірден-бір ықпал ететін фактор. Еліміздің әрбір азаматы қандай да бір заңнаманы сәйкесінше қолдана білсе, мемлекеттік қызметкердің өз лауазымын заңсыз қолдануына жол бермесе, яғни заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін тиімді қолданса еліміз дерттен арылып, әлемдегі дамыған елдер қатарынан орын алуына үлкен үлес қосылар еді. Осынау өте маңызды және күрделі міндетті шешу үшін мемлекеттік органдар мен қо­ғамның барлық күш-жігерін біріктіру қажет, себебі, жүйелі көрініс ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қи­мыл шараларын әзірлеу кешенді және дағдыдан тыс тәсілдерді қажет етеді. Осыған орай, қазақстандық әрбір адам ең алдымен, құқықтық сауатты, мәдениетті, жемқорлық көріністерін ажырата білетін, «нөлдік» төзімділігі қалыптасқан, білімді, бәсекеге қабілетті болу керек. Азаматтық ұстанымы айқын тұлға болуы тиіс.

0 пікір