СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА АЗАМАТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТЫҢЫЗ!
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА АЗАМАТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТЫҢЫЗ!
01.07.2024 15:06
54
0

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті сұ­рақ­тардың бірі болып табылады. Жемқорлық бүгін ғана пайда болған дүние емес. Сан ғасырлар бойы тамырын тереңге жайған індет іспетті. Күнделікті естіп, көріп жүргендіктен құлағымызға да үйреншікті болып кеткендей. Сан салалы ғұмырдың сенімділігін ұрлап алғандай көрінеді. Себебі, бұл індетті жоюға тырыссақ та, күннен күнге белең алып бара жатқаны жасырын емес.

Осы орайда, үшінші мсегополисте де, бірқатар сыбайлас жемқорлықты алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет еріктілері бейінді Басқарманың, Жол активтерінің сапасы саласындағы уәкілетті ұйымның өкілдерімен, қоғам белсенділерімен және мердігер компаниялармен бірлесіп Тассай ш/а жол құрылысы учаскелеріне мониторинг жүргізді. Қоғамдық мониторинг барысында жүргізілетін жұмыстар мен материалдардың сапасы, сондай-ақ олардың сметалық құжаттамаға сәйкестігі қаралды. Көкпар, Шолпы, Көкпекті көшелерінің аяқталуы бойынша ЖСҚ-ға сәйкес мерзімдері көрсетіліп, орындалатын жұмыстардың МЕМСТ-ға сәйкес келмеуі анықталды. Мердігерлер барлық кемшіліктерді жою бойынша міндеттемелерді қабылдады. Айта кету керек, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті жол құрылысы саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуде. Мемлекет басшысының жол саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою туралы тапсырмасын орындау мақсатындағы сыртқы талдау барысында жол саласына бөлінген қаражатты жоспарлау және жұмсау процестері зерделенетін болады. "Егер Сізде шағымдарыңыз бен ұсыныстарыңыз болса, төменде көрсетілген мекен-жайларға жолдауды сұраймыз. WhatsApp нөмірі: 8771 518 6834 Эл.пошта: prevention.shymkent@gmail.com Сіздің пікіріңіз біз үшін маңызды. Сыбайлас жемқорлықты жоюда азаматтық белсенділік танытыңыз!" деп хабарлады ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің баспасөз қызметі.

0 пікір