ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ – ЕЛ ТЫНЫШТЫҒЫНЫҢ ТІРЕГІ
ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ – ЕЛ ТЫНЫШТЫҒЫНЫҢ ТІРЕГІ
16.09.2022 22:36
52
0

Қоғамның дамуы – мемлекеттің дамуы. Ал сол қоғам тыныштығын сақтауда тәртіп сақшыларының атқарар қызметі көп. Бұл туралы Шымкент қалалық полиция департаментінде Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауы бойынша өткен басқосуда айтылды.
Жиынға Шымкент қалалық ақпарат-насихат тобының мүшелері, Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрметті депутаты Еркін Сатқанбаев пен қалалық қоғамдық кеңестің төрағасы Бауыржан Әлтеев келді. Қалалық полиция департаменті басшысының кадр ісі жөніндегі орынбасары Ермахан Абдраманов жүргізген басқосуға департаменттің офицерлік құрамы қатысты.
– Күні кеше бүкіл ел болып тыңдаған Президент Жолдауы Қазақстанның болашағын болжаған, дамуын көздеген, нағыз қажет кезінде қабылданған құжат болды деп есептеймін. Алдағы уақытта «Жаңа Қазақстан құру, әділетті Қазақстан болып жаңғыру» деген құр сөз емес. Биыл жазда республикалық референдум өтіп, Конституцияға өзгерістер енгізуді қолдап Шымкент қаласындағы сайлаушылардың 75 пайызы дауыс берді. Бұл – елдегі ең алдыңғы көрсеткіштің бірі. Бұл шымкенттіктердің, жерлестердің елдегі саяси реформаларға бей-жай қарамайтынын білдіреді. Қоғам дамуында елдің ішкі саясаты нық, ішкі тәртібі бекем болуы аса маңызды. Міне, сіздер, полиция қызметкерлері, сол тәртіпті қамтамасыз етесіздер. Жолдаудағы тың өзгерістер мен ел дамуының басым бағыттары тәртіп сақшыларының да жұмысын қамтып отыр. Сондықтан, қоғам болып жұмылып, жаңа өзгерістерге бірге жетейік, – деді Еркін Тұрниязұлы.
– Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында бес басты бағытты атап өтті. Соның ішінде елдің көкейінде жүрген көп сұрақ көтерілді деп ойлаймын. Әсіресе, жер мәселесі. Бұған дейін айтылғандай, жер халықтың игілігінде қалады. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер туралы мәліметтер цифрландырылып, нәтижесінде қаншама миллиондаған гектар жердің бос жатқаны немесе тиісті мақсатсыз пайдаланылып жатқаны анықталды. Олар мемлекет меншігіне қайтарылуда. Тағы бір көпшіліктің көкейінен шыққан тұс – Ұлттық қордың инвестициялық табысының жартысы елдегі балалардың шотына 18 жасқа толғанға дейін аударылады. Бұл бастама 2024 жылдан басталмақ. Осылайша біздің болашағамыз – балалардың болашағын қамтамасыз ету үшін тың қадам жасалғалы отыр, – деді Шымкент қалалық қоғамдық кеңестің төрағасы Бауыржан Әлтеев.

0 пікір