«ТӘРТІПТІ ЖАСТАР — ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ»
«ТӘРТІПТІ ЖАСТАР — ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ»
23.04.2024 13:50
21
0

Қазір қоғамның полицияға артып отырған сенімі мен үміті мол. Ал сол сенім үдесінен шыға білу – жауапты міндет. Дегенмен тәртіп сақшыларының қызмет етуіне тиісті жағдай жасалма­са,­ ол межеге қол жеткізу қиын. Полиция қызметкері – халықтың қорғаны. Қылмысты ашуда, қауіпсіздікті сақтауда полиция қызметкерлерінің еңбегі зор. Полиция қызметкері болу үшін білім де, білік те, білек те керек. Сабыр, төзім және қажыр-қайрат қажет. Шапшаңдық пен жылдамдық, тез шешім қабылдап, жылдам әрекет ете білу қабілеті полицейге қажетті басты қасиеттердің қатарында. Ұстамды болуы, азаматтармен тіл табыса білуі, сыпайы болуы да аса маңызды. Халқымызда «Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады» деген жақсы сөз бар. Ел бірлігі ең асыл қасиет екендігін Мемлекет басшысы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты кешегі Жолдауында тағы да көптің есіне салып өтті. Сондықтан ұлт болып ұйысып, Әділетті Қазақстан құру жолында ерінбей еңбек ету – барша қазақстандықтың міндеті де, парызы да болмақ. Осы бірлікті, елдегі қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын сақтау үшін жер-жерде қоғамдық кеңестер құрылып, жұмыс істеп жатқаны белгілі.

         Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында елде насыбай ататындарға қатысты алаңдаушылық білдіріп, насыбайдың денсаулыққа зиян және ұят әдеттердің бірі екенін атап өткен еді. Осыдан кейін бүкіл ел аумағында насыбайдың зардабы, оны сату мен қолдану туралы құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында республикалық жедел-профилактикалық іс-шаралары өткізіле бастады. Бастысы, өңір полицейлері Президент тапсырмасына сай осындай ауқымды істерді жүзеге асырып, сол арқылы халықтың сеніміне ие болуды көздейді.Түркістан өңіріндегі құқық қорғау органдары бұл істен шет қалмады.

         Таяуда Түркістан облысы ПД жедел-криминалистикалық басқармасы және денсаулық сақтау департаментінің қызметкерлері бірлесіп, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің студенттерімен кездесті. Онда «насыбайдың» көп онкологиялық ауруларға әкеп соғатынын, денсаулыққа өте зиянды психатроптық зат екендігі, оны өндіруге, сатуға және қоғамдық орындарда қолдануға тыйым салынғаны туралы түсіндірді. Сондай-ақ жастарға осындай іс-әрекеттерге жол берілген жағдайда, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатындықтары ескертілді.
         Сондай-ақ ішкі істер министрлігі М.Есболатов атындағы Алматы академиясы басшылығының қолдауымен білікті мамандар қатарын толықтыру мақсатында жастармен кездесу өткізуді қолға алды. Сондай жүздесудің бірі Түркістан облысында жалғасын тапты. Өңірде білім ошақтары мен колледждерде білім алатын жастардың академияға оқуға түсу мүмкіндіктері жайлы және кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша арнайы іс-шара ұйымдастырылды.

Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, шарада полиция полковнигі Қанатбек Тілеубердиев, полиция полковнигі Айболат Маймақов және Түркістан қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Әділ Бақашбаев Түркістан қаласында орналасқан Ататүрік, М.Мәметова, Қ.Сатпаев атындағы орта мектептердің 100-ге жуық білім алушыларына кәсіби бағдарлау жұмыстарын жүргізді.

         Полиция полковнигі Қ. Тілеубердиев өз сөзінде: «Полиция қызметкерінің міндеті – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және конституциялық құқықтарын қорғау. Жыл сайын полиция қызметінің беделі артып, халықтың құқық қорғау органдары саласының қызметкерлеріне деген көзқарасы оң нәтиже беруде», – деді.

Тыныштық пен қауіпсіздік үшін өмірлерін құрбан ететін тәртіп сақшыларының қызметтік уақыты қызық пен өкінішке толы. Өйткені, адамдардың кейде жауыздықпен бір-біріне жасайтын қатыгез әрекеттері оларды да бей-жай қалдырмайды. Бейбіт заманда өмірлерін қатерге тігіп, Отанға деген адалдық пен шаңырақ шаттығын таразы басында тең ұстау, береке мен бірлікті сақтау – бүгінгі полиция қызметкерлерінің басты парызы.

         Басқосуда академияның оқу бағдарламасымен танысқан оқушылар полицияда қызмет ету жайында, оқу сапасы туралы өздерін толғандыратын сауалдарын қойып, ойларын ортаға салды. Сондай-ақ тағылымы мол жүздесу үшін полиция ағаларына зор ризашылығын білдірді.

0 пікір