ТАССАЙДА ТАБИҒИ ГАЗ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БИЫЛ АЯҚТАЛАДЫ
ТАССАЙДА ТАБИҒИ ГАЗ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БИЫЛ АЯҚТАЛАДЫ
27.04.2022 14:55
240
0
Қала әкімі Мұрат Әйтенов Қаратау ауданы тұрғындарымен кездесуде елді мекендерді инфрақұрылыммен қамту жұмыстарының барысын баяндап, алдағы жұмыс жоспарларын таныстырды.
Бүгінде Қаратау ауданындағы Тассай тұрғын алабы ауыз су және электр жарығымен 100 пайыз, табиғи газбен 80 пайыз қамтылған. Табиғи газбен қамту жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылады. Қазіргі таңда «Ремстрой» ЖШС тарапынан газ жүйелерінің құрылысы жүргізілуде.
Елді мекенде 6 балалар ойын алаңшасы, 1 спорт алаңшасы орнатылған. Биыл 1 спорт кешені пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, 2022 жылдың II жарты жылдығында 1 базалық станция орнату жоспарланып отыр.
 
 
 
 
 
 
0 пікір