ТӘУЕЛСІЗДІК ТАРИХНАМАСЫ: ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ 7 КҮН ҚАЛДЫ
ТӘУЕЛСІЗДІК ТАРИХНАМАСЫ: ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ 7 КҮН ҚАЛДЫ
09.12.2021 12:06
125
0
2012 жылы Алаштың ардақтысы, халқымыздың біртуар перзенті, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған салтанатты жиналыс болып өтті. Оған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, есімі елге қадірлі ерен тұлға хақында сөз сөйледі;
2012 жылы 15 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтті. Парламент Мәжілісінің сайлауында «Нұр Отан» партиясы пайыз дауыс жинап, жеңіске жетті;
2012 жылы 27 қаңтарда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ел халқына арнаған «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауын жариялады;
2012 жылы 19 наурызда Мәскеуде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің және Еуразиялық Жоғары экономикалық кеңесінің мемлекеттер басшылары деңгейіндегі отырысы өтті;
2012 жылы 27 наурызда Оңтүстік Кореяның астанасы Сеулде Ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммиттің пленарлық отырысы болып өтті;
2012 жылы 15 мамырда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуде болған Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің (ҰҚК) сессиясына қатысты;
2012 жылы 30 мамырда Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының ІV съезі өз жұмысын бастады. Айтулы форумда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйледі;
2012 жылы 31 мамырда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Астанада бой көтерген «Ашаршылық құрбандарына ескерткіш» монументі ашылды;
2012 жылы 5 маусым күні кешке Президент Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен ҚХР астанасы - Бейжіңге барды;
2012 жылы 3 шілдеде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Индустрияландыру форумы аясындағы телекөпірге қатысып, Үкіметтің 2012 жылғы бірінші жартыжылдықтағы жұмыс қорытындысын шығарды;
2012 жылы 6 шілдеде Астанада «Әзірет Сұлтан» мешітінің ашылу рәсімі өтті. Салтанатты жиынға Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, сөз сөйледі;
2012 жылы 27 шілдеде Лондонда ХХХ Жазғы Олимпиялық ойындар салтанатты жағдайда ашылды;
2012 жылы 12 қыркүйекте елордадағы Тәуелсіздік сарайында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) мерейтойлық сессиясы және Сыртқы істер министрлерінің IV кездесуі болды;
2012 жылы 22 қарашада ЭКСПО Халықаралық көрмелер бюросы Бас Ассамблеясының Парижде өткен 152-сессиясында ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі Астана қаласында өтетін болып шешілді;
2012 жылы 14 желтоқсанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ел халқына арнаған «Қазақстан-2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын жариялады.
0 пікір