ТАЗА БОЛСА ТАБИҒАТ – АМАН БОЛАР АДАМЗАТ
ТАЗА БОЛСА ТАБИҒАТ – АМАН БОЛАР АДАМЗАТ
22.04.2024 14:33
165
0

Таза болса табиғат -
Аман болар адамзат, - деп ақынымыз Фариза Оңғарсынова айтқандай, қоршаған ортаның, табиғаттың неғұрлым таза болуы-адамзат денсаулығының мықты болуының кепілі.
Табиғат күллі тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, алтын ұя бесігі, құт-берекесі. Адам үшін табиғат — ең қасиетті де қастерлі ұғым.
Адамның табиғатсыз өмір сүруі мүмкін емес. Себебі, адам өміріне қажетті заттардың барлығын табиғаттан алады. Сондықтан табиғат пен адамды бөліп қарауға болмайды.
Адамзаттың басты міндеті — табиғи қуат көздерін орнымен пайдалану, табиғат әсемдігін сақтау, қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүру, мейірімділік нұрын шашу екенін ұмытпайық. Осы орайда Президент тапсырмасына сәйкес «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының екінші аптасы – «Киелі мекен» деп аталатын
  экоакциясы демалыс күні Шым қаламыздың барлық ауданда жалғасын табуда. Аталмыш акция аясында дендробақ аумағы айнадай етіп тазартылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жүктеген міндет қалалар мен ауылдарды, аулалар мен бақшаларды, көшелер мен кіре берістерді өзіміз тазартуымыз керектігін ұғындырады.
Еліміз бойынша жүріп жатқан көктемгі экологиялық бастамаға тазартуға қалалық прокуратура қызметкерлері атсалысты. Жұмыс тобы саябақты толықтай тазалап, шөптерді орып, жинаумен айналысты. «Киелі мекен» апталығы аясында өтіп жатқан бұл тазалық жұмыстарының алдағы уақытта да жалғасып, ұрпаққа үлгі болары сөзсіз. Өйткені тазалық жұмыстары жүйелі жүргізілгенде нәтижелі болары анық.

—Бүгін сенбіліктің екінші аптасы аяқталып жатыр. Қаламызда көптеген жұмыстар атқарылды. Басты мақсат - тазалықты, таза жүріп-тұруды, қаламызға сүйіспеншілікпен қарауды тұрғындарға дәріптеу. Бүгінгі шараға қалалық прокуратурадан 170-ке жуық қызметкер қатысты. Бізден бөлек коммуналдық мекемелер арнайы техникаларымен тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Тазалық күнінде ерікті жастар, тұрғындармен бірге үлес қосуды мақсат тұттық. Әр аптаның әр түрлі атаулармен аталуында да өзіндік мән бар. Біз акцияның алдағы апталықтарына де белсене қатысамыз, - деді Шымкент қалалық прокуратурасының басқарма бастығы Бақытжан Байғазиев.

Шымкент қаласындағы тарихи-мәдени орындар, саябақтар мен аллеялар, ескерткіштерді тазалау осы аптамен аяқталмайды. Тұрғындар мұны дәстүрлі шараға айналса екен дейді. Алдағы уақытта акцияның үшінші апталығы басталмақ. Апталық аясында көшет отырғызу жұмыстары жүреді.

0 пікір