«ТАЗА ҚАЛА – ОРТАҚ МІНДЕТ» АТТЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ
«ТАЗА ҚАЛА – ОРТАҚ МІНДЕТ» АТТЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ
21.06.2025 15:32
39
0

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында, Түркістан қаласында санитарлық тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті арттыру мақсатында жалпы қалалық сенбілік өтті. 

 

«Таза қала – ортақ міндет» атты ауқымды акция қаланың тазалығы мен көркеюіне үлес қосуға бағытталған кең көлемді флешмобтан басталды.

 

Тазалық  шарасына қала әкімдігіне қарасты дербес бөлімдер, 6 сектор, коммуналдық мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, сондай-ақ облыстық басқармалар мен департаменттер белсене атсалысты. Жалпы саны 1000-ға жуық қызметкер сенбілікке жұмылдырылды.

 

Қатысушылар Гауһар ана мен Бала би кесенелері аумағында, сондай-ақ Б.Майлин, А.Жангелдин, О.Жандосов көшелерінде тазалық жұмыстарын жүргізді. Сенбілікке 6 арнайы техника тартылып, шөптер шабылып, аяқжолдар сыпырылып, тұрмыстық қалдықтар жиналды. Нәтижесінде 7 тоннаға жуық қоқыс шығарылып, белгіленген аумақтар толықтай тазартылды.

0 пікір