«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ
20.04.2024 14:18
21
0

«Таза Қазақстан» атты экологиялық акция аясында қала белсенділері Әл-Фараби ауданының әкімі бастаған тазалық жұмыстарына зейнеткерлер де,  жастар да қатысты. Елімізде тарихи-мәдени нысандарды тазалауға және абаттандыруға бағытталған “Киелі мекен” апталығына аудан тұрғындары «Шым қала» тарихи-мәдени кешені аумағындағы орындықтарды әрлеп,  шөп орып,  ағаштарды қырқып, әктеп, иригациялық жүйелер мен аумақты тазалады. 

—Әрбір тұрғын қоршаған ортада жүріп-тұру  мәдениетін сақтауды бойларына қалыптастыруы  керек. Қоқысты  қоқыс жәшігіне салудың өзі үлкен мәдениеттілікті білдіреді. Сондықтан сүйікті Шымкентіміздің гүлденуі үшін барлығыңызды осы акцияға қатысуға шақырамын, — деді Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев. 

«Шым қала» тарихи-мәдени кешені санитарлық тазалық іс-шарасына 11 арнайы техника,  130-дан астам адам жұмылдырылды.

0 пікір