ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ТАЗА ӨЛКЕ
ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ТАЗА ӨЛКЕ
21.04.2024 14:26
76
0

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде «Таза Қазақстан»  экологиялық акциясы басталған болатын. 5 аптаға созылатын бұл науқанның «Киелі мекен» апталығы аясында Абай ауданы аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер мен өлкетану мұражайларының аумағы тазалық және көріктендіру жұмыстары жүргізілді. Республикалық акцияның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тұрғындардың, жастардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту. Тұрғындар бүгін Асар шағынауданындағы Асар гүлзарын тазалауға шықты.

—Асар шағынауданының азаматтары акцияға дейін де абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарын бір кісідей атқарып келген. Ал, Мемлекет басшының тапсырмасынан кейін атқаратын шаруалар еселене түсті. Көктем мезгілі басталғалы барлық көшелер тазаланды. Әр көшеде, участокта тұрғындар арасынан жауапты тұлғалар бекітілген. Ол кісілер осы жердің тазалығына және абаттандырылуына жауап береді. Бұл игі іс алдағы уақытта жалғасын табады деген сенімдеміз, — дейді “Ел Аманаты” қоғамдық бірлестігің төрағасы Сейдахмет Мамырбаев.

Тазалық акциясына қатысушылар қазақтың үш биі - Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би ескерткіштері орналасқан гүлзар аумағында ағаштарды бұтал, кіреберіс алаңның маңайында өсіп тұрған ағаштардың түбін әктеп, арам шөптерді орып, ретке келтірді.  Абай ауданы аумағында жүргізіліп жатқан тазалық іс-шарасына 250 жұмысшы мен 17 техника жұмылдырылған, 40 м3  қоқыс шығарылып, 3000 м2 құрайтын көше бойы тазаланды.

0 пікір