ТЕКЕСУ ТҰРҒЫН АЛАБЫ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ
ТЕКЕСУ ТҰРҒЫН АЛАБЫ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ
03.05.2022 17:52
307
0
Ақтас-2 мен Текесу тұрғын алабында қазір 205 үй қоныстанған. Екі елді мекенге ортақ мектеп, емхана және 2 спорт алаңшасы бар.
Тұрғын алабтардың инфрақұрылым мәселесі кезең-кезеңімен шешімін табуда. Қазір электр жарығы-100%, ауыз су-30%, және табиғи газ-70% қамтылған.
Ақтас-2 тұрғын алабы 2021 жылы ауыз сумен толық қамтылды. Ал, Текесуге ауыз су тарту үшін ЖСҚ әзірленіп, қазір мердігер мекемені анықтау жұмыстары жүргізілуде.
Ақтас-2 т/а табиғи газбен қамтамасыз ету үшін 2021 жылы «Ремстрой» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары басталған болатын. Бұл жұмыстар жыл соңына дейін аяқталып, тұрғындар табиғи газға қол жеткізеді.
Бұр жердегі 10 көшенің 1-і асфальттанған. 2023 жылы Ақтас-2 тұрғын алабындағы 2,5 шақырымды құрайтын №3 көшеге асфальт төселеді.
Ақтас-2-нің 2 көшесі жарықтандырылған Текесудің басты көшелерін жарықтандыру үшін энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының жұмыс жоспарына енгізілген.
Интернет желісімен қамтылуы 70 пайыз. Бүгінде Текесу т/а Beеline, Aktiv байланыс операторларының базалық станциясы орнатылған.
 
 
 
 
 
 
0 пікір