Теңге бағамы нығайып жатыр
Теңге бағамы нығайып жатыр
28.03.2022 11:49
76
0

Демалыста ұлттық валюта долларға қатысты бес теңгеге қымбаттады

Қазақстандық KASE қор биржасында өткен таңертеңгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 489,1 теңгені құрады.
Демалыс күндері ұлттық валюта бес теңгеге нығайды. Салыстыру үшін айтар болсақ, 2022 жылғы 25 наурызда сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 494,26 теңге болды.
Kurs.kz порталының мәліметінше, айырбастау пунктері долларды орташа есеппен 484 теңгеге сатып алып, 489 теңгеге сатып жатыр.
0 пікір