ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ТҰРЫП, ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ ҚОРҒАУ
ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ТҰРЫП, ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ ҚОРҒАУ
29.05.2024 02:40
19
0

Терроризм – татулық пен бейбітшілікті негіз еткен мемлекетті күйретуге ықпал ететін бірден-бір жаһандық мәселе. Қазіргі таңда экстремизм мен терроризм адамзатқа төнетін шынайы қауіпке айналған.

Қазақстан Республикасының Заңындағы түсіндірілім бойынша, терроризм – күш қолдану идеологиясы арқылы халықты үрейлендіріп, жеке адамға, қоғам мен мемлекетке күш қолдану. Немесе өзге де қылмыстық әрекеттерді жасау немесе жасаймын деп үрейлендіру арқылы мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдарының немесе халықаралық ұйымдардың шешім қабылдауына әсер ету тәжірибесі.

Терроризм қауіпі азаматтық бостандықтар мен экстремизмге қарсы күрес шеңбері арасындағы өзара теңгерімді іздеуде маңызды мəселеге айналып отыр. Қазіргі жағдайда терроризм барлық бағыттарда оған қажетті қарсы әрекеттерді анықтайтын ұлттық қауіпсіздік қауіп-қатердің бірі болып табылады. 

Терроризмнің көздеген мақсаты – қоғам қауіпсіздігін тәрк ету. Яғни, адамдардың өмірі мен денсаулығына залал келтіру. Сонықтан да мұны көп обьектілі қылмыс түріне жатқызады. Аталған қылмыстың обьективтік жағы – өрт қою, адамдар көп шоғырланған жерлерде жарылыс жасау, қоғамға қауіпті өзге де іс-әрекеттерге бар. Ал, субьективті жағын алар болсақ, терроризм тек қана тікелей қасақана ниетпен жасалады. Яғни, кінәлі адам заңда бұрыс деп көрсетілген әрекеттерге бару арқылы зардаптардың болу қаупін туғызғанын немесе сондай әрекетке барамын деп қорқыту арқылы қоғамға қауітілігін сездіреді. Және соны жүзеге асырады. Мұндай қылмыстың субьектісіне 14 жастан асқан жасөспірімдер де саналады. Ал, обьекті ретінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қатынастар жатады. Олар азаматтардың өмірі мен денсаулығына басқа да құндылықтарына мүдделі.

Осы бағытта, Түркістанда 16:00-18:00 аралығында терроризмге қарсы күрес жөніндегі Түркістан облыстық жедел штабымен «Khanshaiym plaza» ойын-сауық кешенінің басшылар мен күзет қызметкерлерінің терроризм қаупіне тосқауыл қою әрекетінің әзірлігін тексеру бойынша оқу іс-шараларын өткізіліп жатыр. Оның ішінде персонал мен келушілерді шұғыл эвакуациялау процедурасының тиімділігі тексеріледі.

Халық арасында мемлекеттік идеологияны насихаттау бағытында діни төзімділікті нығайту, дәстүрлі діндерге сыйластықпен қарау, жастардың діни мәдениетін көтеру, мемлекеттік идеологияға кері әсер етуші дәстүрлі емес келімсек діни ағымдардан жастарды арашалау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, теріс ойлы кері ағымдардың әр түрлі іс-әрекеттеріне қарсы ұлттық рухани иммунитетті көтеру секілді негізгі мәселелер талқыға салынды.  Әсіресе, тұрғындар жалған сипаттағы діндердің және радикалдық ұйымдар мен ағымдардың заңсыз және дәстүрлі емес идеяларының таралуына тосқауыл қою, діни экстремизм мен терроризмнің таралуының алдын алу мәселелерінің орынды көтерілгенін құптап, бұл шаралардың ауқымын әлі де кеңейте түсуді ұсынды. Бүгінде экстремизм мен радикализмнің алдын алу бағытында облыс көлемінде жүргізіліп отырған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары барынша кең сипат алып, жанданып келеді.

Өткізілетін іс-шараға байланысты елді мекенің жекелеген көшелерінде қозғалысты шектеу шаралары көзделген. Осыған байланысты азаматтарды өткізілетін оқу іс-шараларына түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға, мемлекеттік органдардың жұмылдырылған қызметшілерінің заңды талаптарын орындауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және халық арасында жалған ақпарат таратуға жол бермеуге шақырамыз.

0 пікір