ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА "ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ - ЕЛ БОЛАШАҒЫ" ТАҚЫРЫБЫНДА ФОРУМ ӨТТІ
ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА "ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ - ЕЛ БОЛАШАҒЫ" ТАҚЫРЫБЫНДА ФОРУМ ӨТТІ
27.05.2024 12:13
35
0

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп ұлы қаламгер М.Әуезов айтқандай, қай ғасырда болмасын ата-ананың міндеті – саналы, салиқалы ұрпақ тәрбиелеу. Ал білімді де білікті ұрпақ – ел болашағының жарқын болуына септігін тигізбек. Осы орайда патриоттық тәрбиенің орны бөлек. Елдегі мемлекеттің білім беру құжаттарының қай-қайсысын алып қарасақ та, патриоттық тәрбиеге басымдық берілгенін аңғарамыз. Патриотизм – әр азаматтың ұлтын, Отанын сүю, құрметтеу деген мағынаны білдіреді. Тарихқа зер салсақ, ұлттық рух, ұлттық сана деген ұғымдар әріден бері қолданыста. Ата-бабамыз қасық қаны қалғанша туған жерін жау қолынан арашалап, кең байтақ жерді ұрпағына мирас етті. Ұлтын сүйген ардақтылар елінің көзі ашық, көкірегі ояу болуы үшін оқуға шақырып, бозторғайдай шырылдады. Мұның барлығы да елге деген жанашырлықтың, сүйіспеншіліктің айқын көрінісі еді.

Ал бүгінгі ұрпақтың бойына салт-дәстүрмен бекіген ұлттық рухты одан әрі дамыту, өз еліне деген мақтаныш сезімін ұялату, патриоттық рухы жоғары бала тәрбиелеу мақсатында Төлеби аудандық Мәдениет үйінде "Ұлттық тәрбие - ел болашағы" тақырыбында форум болып өтті.

Төлеби аудандық ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығы мен аудандық сот бірлесіп ұйымдастырған іс-шара ұлтаралық татулық пен келісімге арналуда.
Форум жұмысын Жастар орталығының басшысы Беглан Мақұлбек жүргізіп, оған аудандық сот төрағасы Ғани Байарыстан, аудан прокуроры Оразәлі Әбдіраманов, аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев, "Парасатты Қазақстан" қоғамдық ұйымының мүшелері, білім бөлімінің басшысы Бекайдар Тойлыбаев қатысып, жиын тақырыбы жөнінде ой-пікірлерін жеткізуде.

Төлеби аудандық сот төрағасы Ғани Байарыстан, генерал - майор Ақжігіт Исабеков ұлттық тәрбие, рухани құндылық, жастар тәрбиесі, діни экстремизм, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбы аясында ой қозғады.
Аудан әкімінің орынбасары Сержан Дауылбайұлы аудандағы саяси ахуал, ұлтаралық қарым-қатынасты нығайту мақсатында атқарылған жұмыстарды баяндады.

Төлеби ауданының прокуроры Оразәлі Ералханұлы құқықтық сауаттылық, жастар арасындағы құқық бұзушылық, нашақорлық , әлеуметтік желінің қауіпсіздігі жайында ой қозғады.
Жастардың бойында ұлттық сана-сезімді, ата-баба дәстүріне адалдықты сіңіру ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүріміздің бір тармағы. Отбасында берілетін тәрбие мен әдет-ғұрып, салт-дәстүрлердің сақталуы, о бастан қастерлеп келе жатқан отбасылық құндылықтарымыздың жалғасы болып табылады.

0 пікір