ТӨЛЕБИ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТӨЛЕГЕН ТЕЛҒАРАЕВ БАЛАЛАРДЫ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
ТӨЛЕБИ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТӨЛЕГЕН ТЕЛҒАРАЕВ БАЛАЛАРДЫ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
03.06.2024 13:11
31
0

 

Құрметті балалар, ата-аналар!

Сіздерді 1 маусым «Халықаралық балаларды қорғау күнімен» құттықтаймын!

Бала – еліміздің болашағы, ата-анасының көз қуанышы. Оларды қорғау, балалық шағын баянды етіп, болашағына жарқын жол ашу мемлекетіміздің ең басты міндеттерінің бірі. Бала біздің бауыр етіміз, кішкентай ғана ізбасарларымыз, өміріміздің жалғасы. Сондықтан, баланың риясыз шат күлкісі мен бақытынан артық ештеңе жоқ екенін осы мерекеде бәріміз айқын сезінеміз.

Бүгінде біз ғылым мен техниканың қарыштап дамыған кезінде бала тәрбиесіне айрықша мән берілуде. Оларға бір-бірімен тату-тәтті болуды, қиналғандарға қайырымдылық жасауды, үлкендеріне кішінің қолынан келмей жатқанына көмектесуді үйрету, ал кішілеріне әрдайым үлкенді сыйла деген сөзді бойына сіңіру арқылы елі мен жерін қорғайтын азамат етіп тәрбиелей аламыз.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Еліміздің жас буын өкілдерінің балалық шағы бақытты өтіп, дені сау, жан-жақты азамат болып өсуіне жағдай жасау – стратегиялық маңызы бар міндет. Бұл – Қазақстанның жарқын болашағының кепілі», деді мереке жөнінде.

Елімізде барлық бала тегін білім алумен қатар, демалып, денсаулығын шыңдау мақсатында жазғы кезеңде аудан аумағындағы лагерлерде тынығып, спорттық және туристік жарыстарға кеңінен тартылуда. Аудан аумағында әрбір баланың талабын ұштап, дарынын ашуды көздейтін түрлі іс-шаралар жүзеге асырылуда.

Ауданда биылғы жылы Қасқасу ауылдық округінен "Көктөбе", Бірінші Мамыр ауылдық округіндегі отбасы үлгісіндегі балалар үйінен лагерь іске қосылды.

Құрметті ауданның кішкентай тұрғындары!

Мереке құтты болсын! Болашақтарыңыз баянды болсын! Үлкен өмірге қалықтаған қанаттарыңыз талмасын! Дендеріңізге саулық, балалық балғын шақтарыңыздың қызықты болуын тілеймін. Аспандарыңыз ашық, өмірлеріңіз мәнді де сәнді болсын.

 

0 пікір