ТӨЛЕБИ - ЫНТЫМАҒЫ МЕН БІРЛІГІ МЫҚТЫ ОТБАСЫ МЕКЕНІ
ТӨЛЕБИ - ЫНТЫМАҒЫ МЕН БІРЛІГІ МЫҚТЫ ОТБАСЫ МЕКЕНІ
27.05.2024 13:59
24
0

Төлеби аудандық Мәдениет үйінде "Төлеби - ынтымағы мен бірлігі мықты отбасы мекені" тақырыбында облыстық форум өтті. Форум "Жебе" театрының сахналық қойылымымен ашылып, отбасындағы зорлық-зомбылық, кикілжің тудыратын жайттар көрініс тапты.

Әйелдің, ананың қоғамдағы орны, отбасындағы рөліне айқындауға арналған жиынды аудан әкімі Төлеген Телғараев ашып, ұйымдастырылып отырған форумның мақсаты отбасында адами құндылықтар мен толеранттылық қасиеттерін қалыптастырып, ұлттық тәрбие негізінде жанұя құндылықтарын дәріптеу, бала мен жасөспірімдердің бос уақытын дұрыс ұйымдастыру мен зорлық зомбылықты болдырмау екенін айтты.

- Бүгінде елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу өзекті мәселеге айналып отыр. Өйткені, зорлық-зомбылық бір отбасына ғана әсер етіп қоймай, жалпы қоғамның тұрақтылығына және отбасылық тәртіптің бұзылуына алып келеді. Міне, осы мәселені бүгін өздеріңізбен талқыға салғалы тұрмыз, деді өз сөзінде аудан әкімі.

Форумға қатысқан аудан прокуроры Оразәлі Әбдіраманов, аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Бауыржан Зиятаев, аудандық сот төрағасы Ғани Байарыстан сөз сөйлеп, зорлық зомбылыққа тап болған әйел, аналарға көрсетілетін құқықтық көмек жайын әңгімеледі.

Айта кетерлігі, Президенттің тапсырмасына сәйкес аудандық «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөліміне қарасты «Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу» бөлімшесі жұмыс атқарып келеді. Онда Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандары уақытша паналайтын дағдарыс орталығы ашылып, қазіргі таңда сол мекемеде психолог және әлеуметтік мамандар қызмет көрсетуде. Өткен 2023 жылы мекемеге 190 отбасы жүгінсе,(мекеменің сүйемелдеуімен, , Шымкент қаласындағы орналасқан «Көмек» дағдарыс орталығына 8 отбасы және №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы КММ-не 2 отбасы орналастырылса, 69 отбасы татуласқан). Биылғы жылдың өзінде 37 отбасына көмек ұсынылған. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында 2023 жылы 52 іс-шара өткізілсе, 2024 жыл басынан бері 7 іс-шара ұйымдастырылған.

Форумда сөз алған облыстық мәслихат депутаты Ғалымжан Елшібай, қоғам белсендісі, педагог Өмір Шыныбекұлы, аудандық білім бөлімінің басшысы Бекайдар Тойлыбаев, ауданның бас имамы Үсен Сәуірбаев отбасы құндылықтарын насихаттауға бағытталған іс-шаралар мен қалыптастыру жолдарына қатысты ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

Жиынға қатысушылар аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары әзірлеген концерттік бағдарламаны тамашалады.

Қызмет мәні ұлтымыздың жаңа болмысын айшықтайтын 10 басымдықты арқау еткен өңірлік Әйелдер қанатының алғашқы форумы «Зорлық-зомбылықсыз қоғам» тақырыбын көтеріп, кеше Түркістан қаласында өтті.

 

0 пікір