ТӨЛЕБИДЕ ОТБАСЫ ҮЛГІСІНДЕГІ БАЛАЛАР ҮЙІ ЖАНЫНАН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
ТӨЛЕБИДЕ ОТБАСЫ ҮЛГІСІНДЕГІ БАЛАЛАР ҮЙІ ЖАНЫНАН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
02.07.2024 15:18
24
0

Халқымыздың балаға деген ықыласы ерекше. «Бала – бауыр етің»,  «Балалы үй – базар», дегенді айтқан да біздің қазақ. Ұлы Абай да «Адамның бір қызығы – бала деген», деп ұрпағыңды көбейтер ұлға, өрісіңді кеңейтер қызға ерекше мән берген.

Бір өкініштісі, сол нәресте  біреулер үшін басты байлық болса, енді біреулер үшін жай ғана тастанды. Қалай болғанда да балаға анасын алмастырар аялы алақан мен шексіз қамқорлық керек. Демалысты қызықты өткізудің тағы бір тамаша әдісі бар. Ол - жазғы балалар лагері. Жазғы лагерь – бұл тек демалатын жер емес. Лагерь – әр түрлі жарыстарға қатысып, баланың ашылмай жүрген талантын, белгілі бір қабілетін ашатын орын. Жарыстардан бөлек онда балалар өздері концерттік қойылымдар ұйымдастырып, спорттық ойындар ойнайды. Онымен қоса жазғы сауықтыру лагерьлерінде балалар топпен жұмыс істеуге, көпшіліктің ортасында өзін көрсетуге бейімделеді.
         Төлеби ауданы, Бірінші мамыр ауылдық округіндегі отбасы үлгісінде жұмыс жасайтын балалар үйі жанынан лагерь ашылды. Демалыс аймағына "Төлеби нұры" атауы берілді. Балалар лагері - бұл балалар демалысын және сауықтыруды ұйымдастыру, оған балалар каникул кезеңінде немесе ұйымның жұмыс істеу тәртібімен көзделген өзгеде кезеңде жіберіледі. Балалардың сауықтыру лагерлерінің негізгі мақсаты — білім беру немесе мәдени даму, сондай-ақ балалардың толыққанды қауіпсіз демалысын ұйымдастыру, олардың сауығуына жағдай жасау. Толық қауіпсіздікпен қолайлы орта жағдайында балалар, өз үйлеріне қарағанда,өздерін ересек және тәуелсіз сезінуі мүмкін. Ашылу салтанатына "AMANAT" партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев, аудан прокуроры Оразәлі Әбдіраманов, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров, мәслихат депутаттары қатысып, балаларды шуақты мерекемен құттықтап, арман, мақсаттарының орындалуына тілектес екендерін жеткізді. Мерекелік сияпат ретінде аманаттықтар балалардың жазғы сауықтыру лагеріне автоматты кір жуу машиналарын табыстап, балғындарға тәтті сый – балмұздақ үлестірді.

Балалардың қуанышымен бөлісуге арнайы келген аудандық мәслихат депутаттары, аудан прокуроры, шекара қызметінің, төтенше жағдайлар департаментінің, әскери бөлімнің, экология департаментінің өкілдері, жеке кәсіпкерлер де мерекелік сыйлықтарын табыстап, балаларға қуаныш сыйлады.

Ата-ананың балаға деген махаббаты шексіз, сондықтан олардың көптеген қателігі кешіріледі. Алайда өсе келе балалар өздері үшін жасалған дүниелерді тез-ақ ұмыта бастайды. Сондықтан болар, ділімізге жат дүниелер орын алып, "баласы анасын ұрып тастапты", "дүниеге таласып ата-анасын далада қалдырыпты" деген секілді жағдайларды жиі еститін болғанбыз. Ал кейбіреулер қартая бастаған ата-анасының өздеріне тек көңіл бөлінгені мен құрметі ғана қажет ететінін түсінбейді. Бар жақсыны перзентіне беруге тырысқан ата-ана үшін ұрпағының құрметсіздік танытуы - ең қиыны. Әрине, кейбір ата-аналар баланы мұндай жағдайға өздері жеткізеді. Мәселен, баладан бас тартады, ішкілікке салыну, отбасындағы зорлық-зомбылық, т.б жағдайлар.

Айта өтейік, мереке күні пайдалануға берілген 60 орындық шағын лагерьде балалардың сапалы демалуы үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Биыл балалар үйінің ашылғанына тоқсан бес жыл толып отыр. Бүгінде мұнда 70-ке жуық жас өскін бір үйдің баласындай күн кешіп, тәрбиемен қамтылуда.

 

0 пікір