ТӨЛЕБИЛІК ШӘКІРТТЕР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ САЙЫСТА ТОП ЖАРДЫ
ТӨЛЕБИЛІК ШӘКІРТТЕР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ САЙЫСТА ТОП ЖАРДЫ
27.05.2024 12:32
19
0

 

Төлеби ауданы, Ленгір қаласындағы «Серік» оқу орталығының 12 оқушысы 8 мамыр күні Астана қаласында өткен «Болашаққа сенімді қадам» атты республикалық олимпиадаға қатысып, барлығы жүлделі орыннан көрінді. Білім сайысын Астана қалалық жеке меншік оқу орталықтары ұйымдастырып, оған республиканың барлық облыстарынан зерделі оқушылар мен қатар Өзбекстаның Самарханд және Ташкент қаласынан да үміткерлер қатысты.

 

Орталықта білім алатын оқушылар ағылшын тілі және математика пәндері бойынша бақ сынап, өздерінің білімі мен біліктілігін, алғырлығын көрсете білді.

 

Білім сайысына қатысқан «Серік» оқу орталығының шәкірттері 8 оқушы ағылшын тілін жетік меңгергенін дәлелдесе, 3 оқушы ментальды арифметикадан, 1 оқушы математика пәнінен қатысып, жүлдегер атанды.

0 пікір