ТОП-10: Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік экспорттаушылары қатарына енді
ТОП-10: Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік экспорттаушылары қатарына енді
15.05.2025 18:15
17
0

Соңғы үш жылда елімізде күнбағыс майының өндірісі 2,5 есе, ал экспорты 4,8 есе өсті. Импорт 11%-ға азайды. 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан әлемдегі үздік 10 экспорттаушының қатарына еніп, 8-орынды иеленді

Сонымен қатар, Қазақстан Еуропалық Одаққа күнбағыс өнімін жетекші жеткізушілердің үштігіне кірді. Бұл ондаған елдерде сұранысқа ие мал шаруашылығының негізгі өнімі.Өткен маусымда май мен шрот экспортынан $562 млн табыс түсті. Жақын жылдары бұл көрсеткішті $1 млрд-қа дейін жеткізу жоспарланып отыр.«Біз ішкі нарықты толық қамтып, экспортты арттырудамыз. QazTrade экспортты қолдаудың нақты құралдарын іске асыруда: сауда миссиялары, акселерация, шығындарды өтеу. Соңғы 5 жылда өсімдік майы экспорты тұрақты өсуде», — деді QazTrade бас директорының бірінші орынбасары Нұрлан Құлбатыров.

0 пікір