Тоқаев 16 наурызда Қазақстан халқына жолдау жасайды
Тоқаев 16 наурызда Қазақстан халқына жолдау жасайды
15.03.2022 12:34
129
0

Мемлекет басшысының жолдауы сағат 11:00-де телеарналардан тікелей эфирде көрсетіледі

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурызда парламент палаталарының бірлескен отырысына қатысып, Қазақстан халқына жолдау жасайды деп жоспарланып отыр. Бұл туралы "БОРТ N1" тelegram-каналы хабарлады.
Президенттің бұл жолдауында жуық арада жүзеге асырылатын саяси реформалардың жаңа бағдарламасы мен әлеуметтік-экономикалық бағытта атқарылатын іс-шаралар туралы айтылмақ.
Мемлекет басшысының жолдауы сағат 11:00-де республикалық телеарналардан тікелей эфирде көрсетіледі.
 

Дереккөз:Sputnik.

0 пікір