Тоқаев қазақстандықтарды Амал мерекесімен құттықтады
Тоқаев қазақстандықтарды Амал мерекесімен құттықтады
14.03.2022 12:27
71
0

 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Амал мерекесімен құттықтады.

"Барша Қазақстан халқын Амал мерекесімен құттықтаймын. Ықылым заманнан бері бабаларымыз бұл күнді "Амал келді, жыл келді" деп ерекше қуанышпен қарсы алған. Дәстүр бойынша осы күні қыстан аман шыққан жұртымыз төс қағысып көріскен. Жыл мерекелі де берекелі болсын!", - деп жазды Тоқаев Twitter парақшасында.
Айта кетері, 14 наурызда қазақстандықтар Амал мерекесін тойлап жатыр. Көрісу күні елдің батыс аймағынан басталады. Бұл күні жастар үлкендерге сәлем беріп, батасын алады. Жұрт бір-біріне ақ тілектерін арнап, "Жасың құтты болсын!", "Жасыңа жас қосылып, ғұмырың ұзақ болсын!", "Бір жас қосуыңмен!" деп құттықтайды.
Мереке күні адамдар ерте оянып, туған-туысы мен достарын аралап, қол алысып, құшақтасады.
0 пікір