Тоқаев Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысады
Тоқаев Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысады
31.01.2022 14:50
92
0

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев XXIV Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысады, деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли. 

"Ақпанның 4-5 күндері мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен XXIV Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысу үшін Бейжің қаласына жұмыс сапарымен барады", - деп хабарлады Уәли.

Сонымен қатар сапар барысында Қазақстан Президенті мен Қытай Төрағасы екіжақты келіссөз жүргізеді деп жоспарланған.

 



Дереккөз: sputnik.kz

0 пікір