Тоқаев тарихта алғаш рет өтетін саммитке қатысады
Тоқаев тарихта алғаш рет өтетін саммитке қатысады
26.01.2022 11:56
89
0

 27 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тарихта алғаш рет ұйымдастырылып отырған "Орталық Азия – Үндістан" атты саммитке қатысады, деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли. 

Жиынға Үндістан Премьер-министрі Нарендра Моди бастамашы болды. Іс-шара онлайн форматта өтеді.

Көшбасшылар Орталық Азия елдері мен Үндістан арасындағы түрлі салалар бойынша ынтымақтастықты нығайтудың және кеңейтудің перспективаларын талқылайды.

Жиын қорытындысы бойынша "Орталық Азия – Үндістан" атты бірінші саммиттің декларациясы қабылданады деп күтілуде.



Дереккөз:sputnik.kz

0 пікір