Қазақстанда мемлекеттік қызметтер кезең-кезеңімен цифрлық форматқа көшіп жатыр. Қазіргітаңда мемлекеттік қызметтер тізілімінде 1448 қызмет бар, оның 1278-і онлайн форматтақолжетімді. Осындай цифрлық арналардың бірі – «ЦОН» мобильді қосымшасы. Онда 18 қызмет іскеқосылған, оның ішінде бейнеқоңырау форматында 79 қызмет түрі бар, деп хабарлайды «Азаматтарғаарналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы.
Мемлекеттің корпорацияның мәліметінше, 2025 жылы «ЦОН» мобильді қосымшасын 2 миллионнанастам адам жүктесе, 2026 жылдың басынан бері тағышамамен 370 мың пайдаланушы қосылған. Қосымшаарқылы азаматтар уақытын үнемдеп, кезекті алдынала жоспарлап, QR-талон алып, өтініштерініңмәртебесін және құжаттарының жеткізілуін онлайн қадағалай алады.
Пайдаланушылар ең жиі таңдайтын қызметтердіңбірі – электронды талон алу. Қосымша іске қосылғансәттен бері пайдаланушылар 3,5 миллионнан астамэлектронды талон рәсімдеген. Бұл қызметазаматтарға бөлімшеде тіркеу рәсімін оңайлатып, қызмет алу процесін ыңғайлы етеді.
Қосымша қашықтан қызмет алу мүмкіндігін де ұсынады. Пайдаланушылар құжаттардың жеткізілуінонлайн бақылай алады, сондай-ақ «Бейне қызметі» арқылы маманмен бейнебайланысқа шығып, бөлімшеге бармай-ақ кеңес алып, қызметті рәсімдейалады.
Көлікке қатысты бірқатар рәсімдер де цифрлықформатқа көшірілген. Қосымшада автокөлікті сатыпалу-сату шартын рәсімдеу, көлік тарихын тексеру, мемлекеттік тіркеу нөміріне тапсырыс беру жәнежүргізуші куәлігін алу үшін емтиханға жазылуқызметтері қолжетімді.
Мемлекеттік корпорацияның атап өтуінше, «ЦОН» мобильді қосымшасы халықпен өзарабайланыстың негізгі онлайн құралдарының бірінеайналды. Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында бұл платформа мемлекеттікқызметтерді автоматтандыру мен қолжетімділіктіарттыру бағытында өз жұмысын жалғастырады.
+7 (702) 435 3845
sayasat_akparat@mail.ru