Түбегейлі өзгерістер қажет
Түбегейлі өзгерістер қажет
12.12.2020 19:46
468
0

Соңғы кездегі бірқатар оқиғалар тізбегі – былтыр Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті мемлекет билігін өркениетті түрде жаңа басшыға тапсыруы дер кезінде болғанын уақыттың өзі дәлелдеп отыр.

Н.Назарбаевтың президенттік жүйесі еліміздің тәуелсіздік бастауында мемлекеттік институттардың қалыптасуында, түбегейлі нарықтық және қоғамдық реформаларды жүргізуде және басқа елдермен қарым-қатынас орнатудағы тарихи миссиясын орындады.

Келесі кезеңге Қазақстан қалыптасқан мемлекет ретінде аяқ басты. Ал ендігі мәселелерді шешу үшін жаңа тәсілдер керек. Мемлекет басқару ісіне қоғам жан-жақты араласуы және оны бақылауы қажет. 

Мысалы, COVID-19 пандемиясы басталғаннан бері болып жатқан оқиғалар вертикалды басқару жүйесінің кемшіліктерін әшкерелеп көрсетті.  Ал қоғамда шиеленіскен пікірталастар ел тәуелсіздігінің басты қауіп-қатерлерінің ауқымын ашып көрсетті, олар:

– бюрократия мен сыбайлас жемқорлық,

– әлеуметтік әділетсіздік және байлар мен кедейлер арасындағы алшақтық,

– экономика мен билікті монополияландыру.

Жарты жылдық карантин кезінде халықтың тұрмысы нашарлап кетті. Шағын және орта бизнес құлдырады. Бюджет қана емес, сондай-ақ Ұлттық қордың трансферттері қазіргі қажетілікке  жұмсалып, соның өзінде талан-таражға салынуда. Қоғамда мемлекеттік институттарға сенімсіздік күшейіп, халық билік монополиясынан қажи бастады.  

Елімізге әлеуметтік-экономикалық салада, саяси жүйеге де түбегейлі өзгерістер қажет.

Аталған өзгерістерді тым соза берудің қауіптілігі сонда, бұл – Украина, Беларусь пен Қырғыз еліндей мемлекеттік дағдарысқа әкеп соғуы мүмкін. Ал, Тәуелсіздіктің ең басты кепілі қару емес, өз мемлекетін сыйлайтын, бағалайтын азаматтық қоғам болуы керек.

Сондықтан, қазіргі билік моделіне бір ғана балама бар – ол терең әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларды қабылдап, жүзеге асыруы қажет. 

«Ақ жол» демократиялық партиясы ЖАҢА ЖӘНЕ ӘДІЛ ҚАЗАҚСТАНҒА апаратын өзгерістер бағдарламасын ұсынады.

Дереккөз:  «Ақ жол» Демократиялық партиясының  ресми сайты

Сұрақ, шағым, арыздар бойынша бізге хабарласыңыз: 
Сілтеме: Адалдық үшін бірге күресетін боламыз!  

  ҰҚСАС ТАҚЫРЫПТАР:

1. Түркістан қаласында биыл 1300-ге жуық пәтер беріледі
2. Түркістан облысында 73 мыңға жуық партия мүшесі дауыс берді
3. Негізгі бағыт - өнеркәсіп саласын дамыту
4. Түркістан қаласындағы жаңа нысандар биыл толық пайдалануға беріледі
5. М.Әйтенов қала тұрғындарының сұрақтарына жауап берді

0 пікір