ТҮЛКІБАСТА БАЛЫҚТЫҢ БАҒАЛЫ ТҮРЛЕРІН ӨСІРУ ДАМЫП КЕЛЕДІ
ТҮЛКІБАСТА БАЛЫҚТЫҢ БАҒАЛЫ ТҮРЛЕРІН ӨСІРУ ДАМЫП КЕЛЕДІ
14.07.2025 12:58
11
0

Түлкібас ауданында жыл санап балық шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер қатары артып келеді. Солардың бірі - биыл іске қосылған Арыс ауылдық округіндегі «Бай» жеке кәсіпкерлігі. Ол өзіне тиісілі 10 гектар жерінің 5 гектарына 6 жасанды тоған қазып, соның 2-не алғашқы балық шабақтарын жіберіп отыр. Біріне 10 мың дана форель балығының шабақтарын жіберсе, екінші тоғанға 300 дана бекіре балығының шабақтарын жіберген. Аталған шаруашылыққа аудан әкімі Асқар Естібаев, аудан әкімінің орынбасары Ғани Құрманбай арнайы барып, жұмысымен танысты. Кәсіпкер қалған 5 гектар жеріне қауын, қарбыз, алма, жүгері және сәнді ағаштардың көшеттерін отырғызып, алдағы уақытта бұл жерді демалыс аймаққа айналдыруды көздеп отыр. Аудан басшысы кәсіпкердің ісіне оң бағасын беріп, балық жемінің 30 пайызын субсидиялау бойынша жауапты орынбасарына нақты тапсырмалар берді.

Кейін Асқар Сұлтанұлы сол маңдағы жаңадан ашылған ЖК «Мұра» балық шаруашылығында болды. Ол жерде кәсіпкер 1 гектардан астам жерге 3 жасанды тоған қазып, оған 20 мың дана форель және 3 мыңға жуық сазан балығының шабақтарын биыл мамыр айында жіберген.
Айта кетерлігі, бүгінгі таңда ауданда балық шаруашылығымен айналысатын 29 кәсіпкер бар. Жыл соңына дейін қосымша 2 кәсіпкер өз ісін бастауды көздеп отыр.

Арыс ауылдық округіндегі іссапарын аудан әкімі «Нар» шаруа қожалығымен түйіндеді. Бүгінде 15 ауыл тұрғынын жұмыспен қамтып отырған Болат Өмішов есімді кәсіпкер үй ауласынан құрт өндеу цехын ашып, айына 20 тонна, ал тәулігіне 500 келі құртты дайындап отыр. Өнімді Түркістан және Жамбыл облысына келісін 1500 теңгеден өткізеді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

0 пікір